- Басты бет
- Жаңалықтар
- TotalEnergies (TESS) тұрақты даму бойынша 7-ші жазғы мектебінің ашылуы: сапалы білім мен тұрақты дамуға қосқан үлес (ТДМ 4 және ТДМ 13)
TotalEnergies (TESS) тұрақты даму бойынша 7-ші жазғы мектебінің ашылуы: сапалы білім мен тұрақты дамуға қосқан үлес (ТДМ 4 және ТДМ 13)
2025 жылғы 16 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында халықаралық TotalEnergies энергетикалық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылатын TotalEnergies тұрақты даму мектебінің (TESS) 7-ші жазғы мектебінің салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға ҚазҰУ-дың физика-техникалық, механика-математика, химия факультеттерінен, сондай-ақ ҚазҰТЗУ (КазНИТУ), АЭжБУ (АУЭС) және ЮНЕСКО клубынан 100-ден астам студент пен жас зерттеуші қатысты.
Жазғы мектептің мақсаты – тұрақты даму саласында болашақ көшбасшылардың құзыреттілігін дамыту, энергетика, экология және қоғамның трансформациясы саласындағы өзекті мәселелерді шешуге қажетті жаһандық ойлау мен дағдыларды қалыптастыру. Осы орайда жазғы мектеп бағдарламасы БҰҰ-ның келесі Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) тікелей үлес қосады:
-
ТДМ 4: Сапалы білім – студенттерді заманауи пәнаралық курстар мен халықаралық оқыту форматтарына тарту арқылы;
-
ТДМ 13: Климаттың өзгеруімен күрес – климаттық тәуекелдер мен энергетикалық көшу жолдарын терең зерттеу арқылы.
Мектеп бағдарламасы бес тақырыптық бағыттан тұрады:
-
«Энергетика секторындағы цифрлық трансформация және деректер ғылымы», профессор Мариана Кобаяши;
-
«Мәдениетаралық менеджмент және халықаралық келіссөздер», профессор Доминик Геде;
-
«Климаттың өзгеруі және энергетикалық көшу» (соның ішінде төмен көміртекті даму жоспарын жасауға арналған хакатон), профессор Кристиан Герритт;
-
«Ірі компаниялардың даму стратегиясы: мемлекеттермен өзара қатынас – экономика – тұрақты даму – КӘЖ», профессор Жан-Пьер Кордье;
-
«Мұнай-газ және химия өнеркәсібіндегі негізгі тәуекелдерді басқару», профессор Патрик Саймонс.
Лекциялар мен тренингтер 2025 жылғы 16–19 маусым аралығында әл-Фараби кітапханасы мен физика-техникалық факультет ғимараттарында өтуде. Қатысушылар нақты жағдайларды талқылауға, шешімдер модельдеуге және жобалық жұмысқа белсенді қатысып, практикалық бағыттағы оқыту форматына тартылды.
Басқа жаңалықтар


