- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жүсіп Баласағұнидың түркі әлемі мәдениетіне қосқан шығармашылық үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция
«Жүсіп Баласағұнидың түркі әлемі мәдениетіне қосқан шығармашылық үлесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция
12 СӘУІР, 2016 ЖЫЛЫ
әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасында
ұлы ойшыл, ғалым және ақын Жүсіп Баласағұнидың 1000 жылдық мерейтойына орай
«ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИДЫҢ ТҮРКІ ӘЛЕМІ МӘДЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЛЕСІ»
атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді
Қараханидтер дәуірінің ұлы ойшылы, ақын, ғалым Жүсіп Баласағұн Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұд Қашғари сияқты ойшыл ғалымдар қатарынан орын алады.
Жүсіп Баласағұн ХІ ғасырда Қараханидтер қағандығының астанасы Баласағұн қаласында өмір сүрген, үздіксіз шығармашылықпен айналысқан, көзі тірісінде «Хас Хажип» атағына ие болған. Оның түркі тілінде жазылған басты еңбектерінің бірі «Құтты білік» орта ғасыр дәуіріндегі жауһар туындылардың бірі болып есептеледі.
Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының шешімі бойынша 2016 жыл «Жүсіп Баласағұн жылы» болып жарияланды. Конференцияға ұсынылатын тақырыптар – ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұнның ғұмырбаяны мен шығармашылығын жан-жақты зерттеуге арналады.
Конференцияға Жүсіп Баласағұнның шығармашылығымен айналысатын отандық және шет елдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар, сондай-ақ студенттер шақырылады.
Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдері.
Талқылауға ұсынылатын бағыттар:
- Жүсіп Баласағұн тұлғасы және еңбектері
- Ортағасырлық түркі тілдері дамуында Жүсіп Баласағұнның рөлі
- Әлем әдебиетінде Жүсіп Баласағұн поэзиясының маңызы
- Жүсіп Баласағұнның пәлсапалық концепциясы
- Жүсіп Баласағұн шығармашылық мұрасының түркі халықтарының тарихын зерттеудегі маңызы
- Жүсіп Баласағұнның әлемдік ғылымның дамуына қосқан үлесі
- «Құтты білік» – Қараханидтер дәуірінің жазба ескерткіші
акпарат хат Жүсіп Баласағұн конференция.docx