«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылауFarabi University

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылау

8 қыркүйек, 2025

2025 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 11.00-де «Медицина және денсаулық сақтау» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын бірлесіп тыңдап, мазмұнын талқылады. Жолдау барысында еліміздің дамуына, оның ішінде денсаулық сақтау саласына қатысты маңызды міндеттер айқындалды. Талқылау барысында оқытушылар Жолдаудың негізгі бағыттарын атап өтіп, оның болашақ медицина мамандары үшін ерекше маңызға ие екенін жеткізді.
Студенттер өз кезегінде, кәсіби тұрғыда үздік маман болу арқылы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге және ел дамуына үлес қосуға деген сенімдерін нығайтты. Бұл кездесу студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттырып, өз кәсібіне деген құлшынысын күшейтті.