Тажиев Рашид ОйыкбаевичFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «8D11301 – Логистика (сала бойынша)» білім беру бағдарламасы  бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тажиев Рашид Ойыкбаевичтің «Көліктік-логистикалық қызмет көрсетудің цифрлық экожүйелерін дамыту негізінде автомобиль жүк тасымалдарын басқаруды жетілдіру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің Бизнес-технологиялар кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Райымбеков Жанарыс Сабирович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті Экономика және кәсіпкерлік кафедрасының оқытушы-зерттеушісі (Астана қ., Қазақстан).

2. Агабекова Динара Аширбековна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Баймұханбетова Эльмира Есенбековна – экономика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан).

2. Ташкин Дирсехан – PhD доктор, Мармара университетінің профессоры (Ыстамбұл қ., Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1.  Romānovs, Andrejs – PhD, іскерлік басқару магистрі, қауымдастырылған профессор және Рига техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар институтының аға ғылыми қызметкері (Рига қ., Латвия).
  2. Бақыт Ғабит Бақытұлы – PhD, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университеті «Жылжымалы құрам» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
  3. Киселева Ольга Геннадьевна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Satbayev University Мұхамеджан Тынышпаев атындағы транспорттық инженерия және логистика мектебі, «Логистика» бағыты (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2025 жылдың  10 қазанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D041– Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, ЭжБЖМ, 201 аудитория.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/98602076804?pwd=oFUhdLxyy2YWCGQCZujw7XjeP7bAHg.1

Идентификатор: 986 0207 6804

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы