- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2025 жылдың 6–7 қарашасында өтетін «Өмірге қауіп төндіретін жағдайдағы науқастардағы вирустық инфекциялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
2025 жылдың 6–7 қарашасында өтетін «Өмірге қауіп төндіретін жағдайдағы науқастардағы вирустық инфекциялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Тақырыбы:
Өмірге қауіп төндіретін жағдайдағы науқастардағы вирустық инфекциялар: клиникалық сценарийлер және заманауи тәсілдер.
Конференцияның мақсаты – ауыр халдегі науқастардағы вирустық инфекцияларды диагностикалау, емдеу және алдын алу бойынша өзекті мәселелерді талқылау үшін отандық және шетелдік жетекші мамандарды біріктіру. Арнайы назар пәнаралық мәселелерге, клиникалық жағдайларға және вирусқа қарсы терапияның фармакокинетикасына аударылады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
-
Вирустық сепсистің патофизиологиясы және иммунологиясы.
-
Ауыр халдегі науқастардағы жоғары эпидемиялық әлеуеті бар вирустық инфекциялар.
-
Респираторлық вирустық инфекциялар (метапневмовирус, РС-вирус, парагрипп және т.б.).
-
Вирустық клиникалық сценарийлер (тұмау, аденовирус, денге, хантавирус, COVID-19 және т.б.).
-
Жасырын вирустық инфекциялардың реактивациясы (CMV, HSV, EBV).
-
Зертханалық диагностика және вирусқа қарсы терапияның фармакокинетикасы.
Конференция қатысушылары:
-
проф. Амангүл Дүйсенова (Қазақстан)
-
проф. Гаухар Курманова (Қазақстан)
-
проф. Динагүл Баяшева (Қазақстан)
-
проф. Гүлжан Абуова (Қазақстан)
-
проф. Ләззат Ералиева (Қазақстан)
-
проф. Нұр Туханова (Қазақстан)
-
проф. Хакан Ердем (Түркия)
-
проф. Стефан Хагель (Германия)
-
проф. Деспоина Куленти (Ұлыбритания)
-
проф. Клэр Роже (Франция)
-
проф. Ясемин Чаг (Түркия)
-
проф. Йорди Релло (Испания)
-
проф. Кристиан Экманн (Германия)
-
және басқалар.
Форматы және ұйымдастыру мәселелері:
Конференция гибридті форматта өтеді (онлайн/офлайн).
Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби кітапханасы, Әл-Фараби даңғылы, 71, 4-қабат.
Ресми тілдер: қазақ, орыс, ағылшын.
Тіркелу мерзімі: 2025 жылғы 10 қазанға дейін
https://www.escmid.org/login/?ReturnTo=https%3A%2F%2Fevents.escmid.org%2Fevent%2F224
Қатысуға өтінім қабылдау: 2025 жылғы 21 қыркүйекке дейін
https://www.escmid.org/science-research/grants-awards/attendance-grant/attendance-grant-application/
Ұйымдастыру комитетінің байланыс нөмірлері:
-
Асель Даулетбаевна: +7 702 282 81 83
-
Асель Рахатовна: +7 775 168 19 45
Құрметпен,
Ұйымдастыру комитеті
Басқа жаңалықтар


