- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Математика, механика және ақпараттық технологиялар» атты Х халықаралық ғылыми конференция
«Математика, механика және ақпараттық технологиялар» атты Х халықаралық ғылыми конференция

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Математика, механика және ақпараттық технологиялар» атты Х халықаралық ғылыми конференция өз жұмысын бастады.
Конференцияға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Ресей, Португалия, Пәкістан, Әзірбайжан, Литва, Грузия және басқа да елдердің көрнекті ғалымдары мен сарапшылары қатысуда.
Алқалы жиынды ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзбен ашып, цифрлық технологияның маңызына тоқталды.
Сонымен қатар ашылу салтанатында ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, ҚР ҰҒА академигі Айдархан Қалтаев, Ресей ҒА корреспондент-мүшесі Сергей Кабанихин сөз сөйлеп, математика мен механиканың іргелі мәселелері жайлы пікір білдірді.
Үш күнге созылатын халықаралық жиын аясында әлемдік деңгейдегі ғалымдардың қатысуымен пленарлық мәжілістер; математика, механика, IT салалары бойынша секциялық отырыстар; жас зерттеушілер өз жобаларын ұсынатын стендтік сессиялар; «Ғылым мен инженериядағы жасанды интеллект: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел және өзге де шаралар жоспарланған.
Аталған ғылыми конференцияға Ақпараттық жүйелер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер белсене қатысты.
Басқа жаңалықтар


