ТДМ 3 аясында «Генетикалық бейімділік пен салауатты өмір салты» тақырыбында ашық сабақ өттіFarabi University

ТДМ 3 аясында «Генетикалық бейімділік пен салауатты өмір салты» тақырыбында ашық сабақ өтті

19 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 18 қыркүйекте Молекулалық биология және генетика кафедрасында «Генетика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне эдвайзер Г.Б. Сейдахметованың жетекшілігімен Тұрақты даму мақсаты 3: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында ашық сабақ ұйымдастырылды.

Сабақ барысында адамның денсаулығына әсер ететін генетикалық бейімділік пен салауатты өмір салтының өзара байланысы талқыланып, тұқым қуалайтын аурулардың даму қаупін төмендетуде дұрыс өмір салтының маңызы ерекше атап өтілді. Студенттер белсенді пікір алмасып, ғылыми деректерге сүйене отырып, өз көзқарастарын білдірді.

Бұл іс-шара студенттердің ғылыми ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталды.