Декан 14-студенттер үйінің 1-2 курс студенттерімен кездестіFarabi University

Декан 14-студенттер үйінің 1-2 курс студенттерімен кездесті

24 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 24 қыркүйекте сағат 18:30-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 14-студенттер үйінде медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы С.Б. Калмаханов 1-2 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында декан студенттер үйінде тұру ережелеріне тоқталып, тәртіп сақтау, тазалықты қадағалау және сағат 23:00-ден кейін кешікпеу қажеттігін атап өтті.
Декан орынбасары Ф.А. Бимурзаева, аға кураторлар Г.А. Арынова және Ж.Т. Серікбаева жатақханада туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, екі рет ескерту алған студенттердің жатақханадан шығарылатынын қатаң ескертті.