- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Логистика (сала бойынша)» мамандығының студенттері TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесіне қатысты
«Логистика (сала бойынша)» мамандығының студенттері TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесіне қатысты

2025 жылғы 1 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Экономика және бизнес жоғары мектебінің, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының 6В11301 Логистика (сала бойынша) мамандығының 2 курс студенттері Алматы қаласындағы КЦДС «Атакент» орталығында өткен Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық «TransLogistica Kazakhstan» 2025 көрмесіне қатысты.
Аталған іс-шараға әлемнің 21 елінен 300-ден астам компания қатысып, көрменің 28 жылдық тарихында рекордтық көрсеткішке жетті. «TransLogistica Kazakhstan»өңірдегі ең ауқымды және ең көп қатысушысы бар логистика көрмесі ретінде мойындалды.
Көрме барысында студенттер көлік, логистика, жүк тасымалы және дистрибуция саласындағы заманауи шешімдермен танысты. Болашақ мамандар үшін бұл кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға ықпал ететін маңызды тәжірибелік сабақ болды және студенттердің заманауи білім мен әлемдік үздік тәжірибеге қол жеткізуін қамтамасыз ететін ТДМ №4 «Сапалы білім беру» мақсатына сәйкес келеді.
Сонымен қатар, студенттер көрменің іскерлік бағдарламасына қатысып, конференциялар, пікірталастар мен тәжірибелік семинарларға қатысты. Бұл олардың ой-өрісін кеңейтіп, теория мен практиканы ұштастыруға және логистиканың тұрақты даму үшін маңыздылығын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б., Ахметкалиева С.К., Мұса Қ.А., Логистика 2 курс К3 тобы.
Басқа жаңалықтар


