Кенжеқожаева АқботаFarabi University

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02304 – Әдебиеттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кенжеқожаева Ақботаның «Қазақ және түркі фольклорындағы Қожанасыр бейнесі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Матыжанов Кенжехан Слямжанович – филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Алимбаев Аслан Есемканович – PhD, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан).

  Ғылыми жетекшілер:

1. Мәмбетов Жолдасбек Ормаханұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, (Алматы қ., Қазақстан);

2. Фикрет Туркмен – филология ғылымдарының докторы, Эге университеті Түркі әлемі зерттеулер институтының профессоры (Измир қ., Түркия).

         Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

          1. Иманғазинов Мұратбек Мүбарақханұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған қ., Қазақстан);

2. Салтақова Жанат Тоқтарқызы – PhD, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);

3. Орхан Сойлемез – PhD, Кастамону университетінің профессоры (Кастамону қ., Түркие).

Қорғау 2025 жылдың 17 қарашасында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D011800, 8D01704 Орыс тілі мен әдебиеті», «8D01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология», «8D02308 – Орыс филологиясы», «6D021400, 8D02304 – Әдебиеттану», «8D02307 – Қазақ филологиясы» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/91539405645?pwd=fZ3fy99Gvw0H9JBcHqCXwZNx8ifH8E.1

Идентификатор: 915 3940 5645

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы