- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ НАРРАТИВТІ ТЕРАПИЯҒА АРНАЛҒАН КӘСІБИ ТРЕНИНГТЕР СЕРИЯСЫНЫҢ ЕКІНШІ МОДУЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ НАРРАТИВТІ ТЕРАПИЯҒА АРНАЛҒАН КӘСІБИ ТРЕНИНГТЕР СЕРИЯСЫНЫҢ ЕКІНШІ МОДУЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ІС-ШАРА ТДМ 4 – «САПАЛЫ БІЛІМ» ЖӘНЕ 17 – «ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН СЕРІКТЕСТІК» МАҚСАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ДАМЫТУҒА, АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРТА МЕН КӘСІБИ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.
2025 жылдың 8-9 қазан күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлеуметтік жұмыстағы нарративті әдіс» тақырыбында кәсіби тренинг өтті. Шара психология, кеңес беру және әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандардың құзыреттерін дамытуыға бағыталды. Тренинг пәнаралық ынтымақтастық рухында өтті және көмек көрсету мамандықтары бойынша кадрлар даярлауда заманауи гуманистік әдістерді ілгерілетудің маңызды қадамы болды.
Аталмыш іс-шара ТДМ 4 – Сапалы білім және 17 – Тұрақты даму үшін серіктестік атты мақсаттарын іске асыру үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Гонконг политехникалық университетінің серіктестігі аясында, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанындағы әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы мен Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығының (PolyU - KazNU) бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Тренингке кәсіби әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері, сондай-ақ нарративті терапия әдістерін білім беру бағдарламалары мен кәсіби тәжірибеге енгізуге мүдделі зерттеушілер қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жеке және әлеуметтік оқиғаларды қайта жаңғырту арқылы тұлғаны қолдауға бағытталған нарративті кеңес беру әдістерін терең меңгеру.
Екі күнге созылған бағдарлама барысында қатысушылар нарративті терапияның негізгі тұжырымдамаларымен танысты. Әсіресе нарративті үдерістің картасын құру, баламалы оқиға желілерін қалыптастыру, маңызды әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру және шығармашылық коммуникация түрлерін қолдану тақырыптарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ музыкалық терапияның эмоциялық өзін таныту құралы ретіндегі маңызы талқыланды.
Тренинг форматы дәрістер, топтық талқылаулар, нақты жағдайларды талқылау және тәжірибелік тапсырмалар түрінде өтті. Қатысушылар кәсіби тәжірибесінен мысалдар келтіріп, нарративті әдісті түрлі клиенттік топтармен жұмыс барысында қолдану мүмкіндіктерін талқылап, сарапшылардан пайдалы ұсыныстар алды. Бағдарлама соңында қатысушыларға халықаралық сертификаттар тапсырылып, белсенділік, жоғары ынта және кәсіби дайындық деңгейі үшін ерекше алғыс білдірілді.
Тренингтің өткізілуі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тәжірибеге бағытталған гуманитарлық пәндерді дамытуға және академиялық орта мен кәсіби қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын айқын көрсетті.
Ұйымдастырушылар: Әлеуметтанулық зерттеулер және әлеуметтік инжиниринг орталығы, Саймасаева А.А., Арын Д.А.