«Мен – ҚазҰУ студентімін! » атты кураторлық сағат
2025 жылдың 2 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы « Мен – ҚазҰУ студентімін! » атты кураторлық сағат ұйымдастырды.
Іс-шараға «6В03102 – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері және олардың куратор-эдвайзері, аға оқытушы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы қатысты.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттерді университет өмірімен, академиялық адалдық қағидаларымен , сондай-ақ ҚазҰУ ішкі тәртібі мен ережелерімен таныстыру болды.
Кездесу барысында студенттер өзара танысып, топтық бірлікті нығайтуға бағытталған тренингтер мен пікір алмасу сессияларына қатысты.
Іс-шара БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты – “Сапалы білім” аясында өткізіліп, жас студенттердің білімге деген ынтасы мен жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.
Басқа жаңалықтар