Республика күніне арналған үстел теннисі турнирі
14 қазан, 2025
Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы 2025 жылғы 18 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаратылыстану факультеттері студенттері арасында Республика күніне арналған үстел теннисі турнирін өткізеді.
Жарыстың басталуы – сағат 10.00, командалардың жеребесі – сағат 9.30-да физика-техникалық факультеттің жертөле қабатында өтеді.
Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталады.