Мейірім мен қамқорлыққа толы игі ісFarabi University

Мейірім мен қамқорлыққа толы игі іс

8 қазан, 2025

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барша адамзат үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық бастама.
2030 жылға дейін жүзеге асырылатын 17 негізгі бағыттың бірі – ТДМ 4 “Сапалы білім беру” және ТДМ 10 “Теңсіздікті азайту”, қоғамның тұрақты дамуы мен әр адамның өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.

Осы мақсаттарға қолдау білдіре отырып, 2025 жылдың 7 қазанында Физика-техникалық факультетінің Жылуфизика және техникалық физика кафедрасының докторанттары №6 арнайы мектеп-интернатқа (зияттық дамуында бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернат) барды. Балалардың оқуына және бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында мектепке теледидар сыйға тартылды.

Бұл игі іс балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың әлеуметтік бейімделуіне де ықпал етті.
Кафедра ұжымы алдағы уақытта да осындай қайырымдылық және әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Біз балаларға қолдау көрсету – қоғамның болашағына қолдау көрсету деп сенеміз.