Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы халықаралық Global HackAtom инженерлік конкурсындаFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы халықаралық Global HackAtom инженерлік конкурсында

1 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы (Қасымбек Сағи, Үдербаева Ақбота, Аллаберген Ернұр, Төлеуов Шапағат, Испосынов Нұрдәулет және ментор Еримбетова Ләззат) халықаралық инженерлік Global HackAtom! ⚛️🚀 конкурсына қатысты.

Биылғы жылы бұл шара жаңа форматта өтіп, 10 елдің — Боливия, Бразилия, Венгрия, Индонезия, Қазақстан, Мьянма, Намибия, Ресей, Руанда және Өзбекстан студенттік командаларын біріктірді.

🎓 Ұлттық кезеңге 650-ден астам студент пен 160-тан астам команда қатысып, олардың ішіндегі ең үздіктері 24–30 қыркүйек аралығында Ресейде өткен Глобалдық финалда өз жобаларын таныстырды.

✨ Бұл тәжірибе ҚазҰУ студенттері үшін инженерлік білімді, креативті ойлауды және халықаралық ынтымақтастықты біріктірген ерекше мүмкіндік болды. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты қатысушылармен танысып, идеялар алмасып, болашақ жобалар үшін жаңа шабыт алды.

Кафедра Rosatom компаниясына осындай ауқымды іс-шараға қатысуға және Казахстанның атынан әлемдік деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді!