Қырғызстанда өткен университеттер арасындағы жарыста Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері үздік нәтижелер көрсеттіFarabi University

Қырғызстанда өткен университеттер арасындағы жарыста Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері үздік нәтижелер көрсетті

23 қазан, 2025

2025 жылдың 19-22 қазан аралығында Қырғызстанның "Бишкек" қаласында өткен университеттер арасындағы спорттық жарыстарда Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің студенттері жоғары жетістіктерге жетті.

Салмен Аружан тоғызқұмалақтан 1 орын алып, өз шеберлігін толық көрсетті. Бұл жеңіс студенттердің қайсарлығы мен спортқа деген адалдығын айқын дәлелдеді.

Ал, Мас-рестлинг бойынша Кәдір Ерсұлтан 70 кг салмақ дәрежесінде 3 орын иеленсе, Абдуразаков Давлатмурод 80 кг салмақ дәрежесінде дәл сондай 3 орынды қанжығасына байлады.

Бұл жетістіктер тек студенттердің спорттағы қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар Биология және биотехнология факультетінің жоғары деңгейдегі дайындығы мен жеңіске деген құлшынысын көрсетеді.

Факультет деканы жарысқа қатысушыларды құттықтап, университеттің спорттағы жетістіктерін ерекше атап өтті. Ол:

  • «Біздің студенттеріміз өздерінің еңбегінің жемісін көріп, университетіміздің абыройын арттырып отыр. Сіздер тек оқу саласында ғана емес, спортта да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, біз үшін үлкен мақтанышқа айналдыңыздар. Алдағы уақытта да осындай жоғары жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін!» – деп атап өтті.

Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті спорттың әр түрлі түрлері бойынша үздік нәтижелерге жету үшін оқу процесімен қатар, студенттерді халықаралық және республикалық жарыстарға белсенді түрде қатысуға ынталандыруды жалғастырады.

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы