ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар аясында «Ынтымақ пен татулық – елдігіміздің тірегі» тақырыбында кураторлық сағат өтті.Farabi University

ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар аясында «Ынтымақ пен татулық – елдігіміздің тірегі» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

23 қазан, 2025

🇰🇿 «Ынтымақ пен татулық – елдігіміздің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті

25 қазан – Республика күніне орай Биология және биотехнология факультеті, Ботаника және агроэкология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мамурова Әсем Тлеужанқызының жетекшілігімен 6В05102 – Биология білім беру бағдарламасының ББ23-08 және ББ23-09 топ студенттері «Ынтымақ пен татулық – елдігіміздің тірегі» атты мазмұнды да рухты іс-шара ұйымдастырды.

Мерекелік шараның басты мақсаты – студенттердің бойында патриоттық рухты қалыптастыру, ел бірлігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру болды. Іс-шара барысында студенттер Республика күнінің шығу тарихына тоқталып, еліміздің егемендік жылдарындағы жетістіктерін еске алды.

Бағдарлама мазмұны әсерлі әрі жан-жақты болды: қатысушылар патриоттық өлеңдер оқып, әндер орындап, бейнепрезентациялар мен көріністер қойды. Сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында еліміздегі ынтымақ пен татулықтың қоғамдағы рөлі туралы пікірталас ұйымдастырылды.

Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, жастардың жүрегіне елге деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін ұялатты. Іс-шара соңында қатысушылар:

«Бірлік бар жерде – береке бар, татулық бар жерде – тыныштық бар!» 💙

Республика күні – елдік пен ерліктің, бірлік пен татулықтың мерекесі!

📍 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
📅 23/10/2025 жыл
👥 Ұйымдастырушылар: ББ23-09 және ББ23-08 топтарының студенттері
👩‍🏫 Куратор эдвайзер: б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мамурова Әсем Тлеужанқызы

Ботаника және агроэкология кафедрасы

www.kaznu.kz