Жангужекова Динара Жексенгалиевна
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дəрежесін алу үшін ұсынылған Жангужекова Динара Жексенгалиевнаның «Қазіргі кезендегі батыс емес қоғамдардың саяси дамуындағы постмодернизм (Əзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан модернизациялық жобалары мысалында)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия жəне саясаттану факультеті саясаттану жəне саяси технологиялар кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Симтиков Жомарт Кудайбергенович – саяси ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің əлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, ұлттық жəне саяси процестер мен технологиялардың этносаяси конфликтологиясы;
2. Байсултанова Кулипа Чарипкановна – саяси ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің шығыстану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, ұлттық және саяси процестер мен технологиялардың этносаяси конфликтологиясы.
Ғылыми жетекшілер:
1. Алияров Есенжол Каниевич – саяси ғылымдарының докторы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
2. Dinissa Duvanova – PhD докторы, Лихай университетінің профессоры (Бетлехем қ., АҚШ).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Малышева Дина Борисовна – саяси ғылымдарының докторы, «Ресей Ғылым академиясының Е.М. Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық зерттеу институты» Федералды мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесінің «Посткеңестік зерттеулер» орталығындағы «Орталық Азия» секторының бас ғылыми қызметкері (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы);
2. Изтаева Венера Амангельдиевна – саяси ғылымдарының кандидаты, доцент, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің Қазақстанның қазіргі тарихы жəне дүниетанымдық пəндер кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
3. Бейменбетов Серик Туруспекович – PhD докторы, Қазақстан-Неміс университеті (DKU) əлемдік саясат факультетінің доценті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Қорғау 2025 жылдың 28 қараша күні сағат 11:00-де əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің 123 мәжіліс залында əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған «6D050100, 8D03101 – Əлеуметтану»; «6D050200, 8D03104 – Саясаттану»; «6D090500, 8D11401 – Əлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика жəне психология», «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.
Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/98514358426?pwd=gKwHoTPZRi6QXOj5xbhD7IuIHdMZ6Z.1
Идентификаторы: 985 1435 8426
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар