Студенттердің көзімен — сыбайлас жемқорлықFarabi University

Студенттердің көзімен — сыбайлас жемқорлық

14 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасында «Сыбайлас жемқорлық студенттердің көзімен» атты дебат өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастар арасында адалдық, әділдік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Дебат барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын талқылап, өз көзқарастарын білдіріп, оны болдырмау жолдарын ұсынды.
Іс-шараны кафедра оқытушылары — Мақсұтханова Ардақ Мақсұтханқызы мен Таженова Маржан Сұлтанқызы ұйымдастырды.

Бұл бастама БҰҰ-ның ТДМ № 16 — «Бейбітшілік, әділет және мықты институттар» және № 4 — «Сапалы білім» мақсаттарымен үйлеседі.