Басқару білімінің жаңа көкжиегіFarabi University

Басқару білімінің жаңа көкжиегі

17 қыркүйек, 2025

ҚазҰУ-да елі­міз­дің білім беру ке­ңіс­тігінде ерекше орын алатын, мазмұны терең, бағыты айқын бірегей іс-шара – Оқу-әдістемелік бірлестіктің кеңей­тіл­ген мәжілісі өтті. «Менеджмент және мемлекеттік бас­қа­ру білім беру бағдарламаларын дамытудың зама­науи тәсілдері» тақырыбына ар­нал­ған жиын жай ғана мамандар бас қосқан жиын емес, бұл заман тала­бы­на сай білім беру мазмұнын қайта зерделеудің, жаңа бағытқа бет бұрудың жарқын үлгісі болды.

Жиынға академиялық қауымдастықпен қатар, мемлекеттік басқару ор­гандарының, жекеменшік сектордың, сарапшылық және ғылыми құры­лым­дардың өкілдері жи­нал­ды. Сөйтіп, барлығының көз­қарасы бір мақсат – са­палы, заманауи бас­қа­рушыларды даярлау де­ген ортақ мүддеде то­ғысты.

Алматы қаласы әкім­дігі, Astana Motors, ID Gro­up, КСЖ «Коммеск-Өмір», «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы, IAAR секілді ұйымдар басқару білімінің өркендеуіне өз үндерін қосты. Аталған іс-шараны ұйымдастыруға Экономика және бизнес жоғары мектебінің Ме­недж­мент кафедрасының ұжымы белсенді ат­са­лыс­ты. Кафедра мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен жүйе­лі еңбегі жиынның жо­ғары деңгейде өтуіне негіз болды.

Бұл мәжіліс кафедра мен жұмыс берушілер ара­сындағы тұрақты бай­ланыс пен өзара сенімді серіктестіктің жарқын дә­леліне айналды. Кафедра жылдар бойы ака­де­мия­лық орта мен практик ма­мандарды табысты то­ғыс­тырып келеді.

Іс-шараны сапалы әрі мазмұнды деңгейде ұйым­дастыруда ҚазҰУ ба­за­сындағы Оқу-әдіс­­те­мелік бірлес­тік­тің ғылыми хат­шы­сы, филология ғы­лы­мының докторы, про­фес­сор А.Сыр­ғақбаеваның кә­сіби қолтаңбасы ерекше та­ныл­ды. Білім беру са­ла­сындағы мол тәжі­ри­бесі, академиялық про­цес­тер­ді ұйымдастыру мен үй­лес­тірудегі бі­лік­тілігі ар­қылы танылған про­­фессор А.Сыр­ғақбаева ОӘБ қыз­ме­тін жүйелеуде және маз­мұндық үйлесімділікті қамтамасыз етуде ма­ңызды рөл атқарды.

Жиынның ерекше ма­ңызға ие болған тұс­та­ры­ның бірі жұмыс беруші ұйым өкілдерінің белсенді қатысуы болды. Олардың қатарында ID Group ғы­лы­ми-практикалық орта­лы­ғының бас директоры Г.Ша­кирова, Astana Motors компаниясының IT-ди­рек­торы Д.Ме­дет­бекова, «КСЖ «Ком­меск-Өмір» АҚ HR-ди­ректоры С.Из­ба­сова, сон­­дай-ақ Ал­маты қаласы Даму ор­талығының тал­дау бө­лі­мінің ди­рек­торы Д.Құ­мар­беков бар.

Кәсіби мамандар өз салаларындағы прак­ти­ка­лық тәжірибеге сүйене отырып, бүгінгі еңбек на­рығы мен басқару жүйе­сі­нің нақты талаптарын ай­қындап, кадр даяр­лау­да ескерілуі тиіс ма­ңызды басымдықтарға назар ау­дарды. Олардың баян­дамаларында қа­зіргі за­манғы ұйым­дар­дағы бас­­қарушылық транс­­­фор­мациялар, адам ре­­сурстарын тиімді бас­қару, цифрлық ортадағы бас­қару құралдары, де­рекке негізделген шешім қа­былдау әдістері, сон­дай-ақ кадрлық тұрақ­ты­лық пен құндылықтарға не­гіз­делген корпо­ра­тив­тік мә­дениет қа­лып­тас­тыру сын­ды өзекті мә­селелер қозғалды.

Бұл ұсыныстар мен ой-пайымдар білім беру бағ­дарламаларының маз­­мұ­нын жетілдіруге, прак­­тикалық бағытты кү­шейтуге және кәсіби дағ­­дыларды нақты еңбек на­рығының сұранысына сай етуге үлкен серпін берді.

Әсіресе мемлекеттік басқарудағы аналити­ка­лық тәсілдерді, практика мен теорияны ұштастыру жолдарын, инновациялық технологияларды қол­да­ну тетіктерін талқылау білім беру үдерісінің тек оқытумен шектелмей, болашақты болжай ала­тын интеллектуалдық құ­ралға айналуы тиіс екенін ай­қын аңғартты. Бұл бас­қару саласындағы ма­ман­­дарды даярлау тек пән­­дік шеңбермен шек­тел­­мей, жүйелі де ке­шен­ді модельге не­гіз­де­луі қажет деген тұжырымды бе­кіте түсті.

Аталған мәжіліс оқу орны мен жұмыс беруші арасындағы байланысты тереңдеткен, білім мен тәжірибені тұтас­тан­дыр­ған, теорияны нақты іспен ұштастырған кәсіби алаң ғана емес, сонымен қатар Оқу-әдістемелік бірлестік қызметінің аясында жү­зеге асқан, білім сапасын жүйелі жетілдіруге ба­ғыт­талған маңызды инс­ти­ту­ционалдық қадам болды. Әр баяндамашы өз са­ла­сының білгірі, ал әр тың­даушы осы жүйенің ке­лешек кемелденуіне үлес қоса алатын тұлға екенін білдірді.

Жоғары білім – жай дип­лом беру емес, тұлға қалыптастыру. Ал басқару саласындағы тұлғалар – елдің ертеңін жасайтын шешім иелері. Демек, бұл мәжілістің маңызы – тек білім беру бағ­дар­ла­ма­ларын жетілдіру емес, ұлттың зияткерлік ка­пи­та­лына инвестиция салу.

Болашақ бас­қа­ру­шы­ларды тәрбиелеу – бұл жай ғана кадр даярлау емес, қоғамның даму ба­ғы­тын айқындайтын, ұлт­тық дамудың діңгегін бе­кітетін миссия. Сол се­бепті мұндай жиындар практика мен білімді, ғылым мен технологияны, ел мүддесі мен заманауи талаптарды тоғыс­тыра­тын алтын көпірге ай­на­луы қажет. Оқу-әдіс­те­мелік бірлестіктің бұл ке­ңейтілген мәжілісі сол алтын көпірдің берік қа­лан­ған тұғыры болды.

Ғалия ДӘУЛИЕВА,

Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы

Гүлжиһан СМАҒҰЛОВА,

Менеджмент кафедрасының меңгерушісі