Еңбек нарығына жаңа мамандар қосылдыFarabi University

Еңбек нарығына жаңа мамандар қосылды

14 шілде, 2025

Механика-математика факультетінің түлекте­ріне диплом тапсыру сал­танатында универ­ситеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Жан­сейіт Түймебаевтың атынан Басқарма мүшесі – ғылыми-инно­вациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов құттықтау сөз арнады.

 «Цифрлық трансформация дәуірінде факультет озық ой мен нақты ғылымдардың көш­бас­­шысына айналды. Факуль­тет түлектері – еліміздің да­муы­­­на айтарлықтай үлес қос­­­қан тұлғалар. Олардың қа­тарында өңірлерді басқарған әкім­дер, үкімет мүшелері, ғы­лым мен өндіріс көшбас­шы­ла­ры бар. Бү­гін сіздер үлкен өмір­ге, жаңа белестерге аяқ ба­сып отыр­сыздар. Бұл – сіз­дер­дің бі­лім­ге, еңбекке, та­бан­­ды­лық пен мақсаткерлікке жет­кен жеңіс­те­ріңіз. Жаңа же­­тістіктер мен асуларға жол­да­­рыңыз ашық болсын!» – делінді құттықтау хатта.
Өз кезегінде механика-ма­тематика факультетінің деканы Нұрсұлтан Досжан да шә­кірт­терін диплом алуымен құт­тық­тап, жетістіктерін атап өтті. Биыл факультет 464 маманды даярлап шығарды, олардың 408-і – бакалавр, 56-сы ма­гис­тр дәрежесін алды. Декан түлек­тердің ҚазҰУ қабыр­ға­сын­да алған білімі мен дағ­ды­лары еңбек нарығында бә­се­кеге қабілетті маман болуға жол ашатынын тілге тиек етті.