🎓 Маркетологтар күніне арналған іс-шараFarabi University

🎓 Маркетологтар күніне арналған іс-шара

30 қазан, 2025

 №04-“Сапалы білім” бағытында ТДМ аясында «Бизнес технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Маркетинг» мамандығының 4 курс студенттері 2025 жылғы 25 қазан күні “Маркетологтар күніне” арналған іс-шара өткізді. Бұл мереке аясында екінші курс студенттері арасында «Social Media Battle» атты шығармашылық жарыс ұйымдастырылды.

 

Іс-шараның мақсаты – студенттердің маркетинг саласындағы білімдерін тереңдетіп, әлеуметтік медиа бағытында креативті ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Жарыс барысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, цифрлық контент жасау мен әлеуметтік желідегі жарнама стратегияларын ұсынды.

 

Іс-шараға ЭжБЖМ деканы Ермекова  Ж.Ж және декан орынбасары Садыханова Д.А, сондай-ак кафедра меңгерушісі Ахметова З.Б қатысып, студенттердің жұмыстарын бағалады.

 

Бұл шара студенттерге өз білімдері мен дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетуге, сондай-ақ командамен жұмыс жасау тәжірибесін арттыруға мүмкіндік берді.

 

Ұйымдастырушылар: Ахметова З.Б, Турлыбекова Н.М, Рысбаева Б.Б, Аликбаева А.Б., Тажиев Р.О.

 

#МаркетологтарКүні #SocialMediaBattle #БизнесЖәнеБасқаруКафедрасы #МаркетингКүні