"Уақытты басқару және өнімділік арттыру" тақырыбында ашық кураторлық сағаты өттіFarabi University

"Уақытты басқару және өнімділік арттыру" тақырыбында ашық кураторлық сағаты өтті

30 қазан, 2025

ТДМ-4 Қазанның 14 ші жұлдызында қоғаммен байланыс мамандығының 1 курс студенттерімен "Уақытты басқару және өнімділік арттыру" тақырыбында ашық кураторлық сағатын өткіздік. Ашық сабақ барысында студенттер уақытты тиімді пайдалану жөнінде пікірталас өткізіп, өз ойларын білдірді. Салауатты өмір салтын өткізу, сабаққа дайындалу, спортпен шұғылдану, тазалыққа көңіл бөлу деген сияқты мәселелерге көңіл бөліп,олардың біздің өміріміздегі маңызды құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді. Қорыта келе жастайынан осындай принціптерді ұстану абзал екендігін топшылады.Топтың кураторы ретінде А.Садуакасов модератор қызметін атқарды. Бұл кураторлық сағат сөзсіз студенттерге өте тиімді болды.