"Философия, мәдениет, Түркітілдес Мемлекеттердің қарым-қатынасы: тарихы, бүгіні және болашағы" атты VI халықаралық cимпозиумFarabi University

"Философия, мәдениет, Түркітілдес Мемлекеттердің қарым-қатынасы: тарихы, бүгіні және болашағы" атты VI халықаралық cимпозиум

23 қазан, 2025

2025 жылы 23-қазан күні Өзбекстанның Халықаралық Исламтану Академиясында "Философия, мәдениет, Түркітілдес Мемлекеттердің қарым-қатынасы: тарихы, бүгіні және болашағы" атты VI Халықаралық Симпозиум өтті.

Симпозиумға Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Философия және Саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2-курс докторанттары Әділжан Гүлдана мен Бейсембаева Айман қатыстып, кафедра меңгерушісі филос.ғ.д., професор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы, доцент аға оқытушы Мұқан Нұрзат және Мира Рашидқызының жетекшілігімен мақала жариялап, баяндама жасады.

Симпозиум Барысында Түркітілдес мемлекеттердің философиясын, мәдениетін, интеграциясы мен ынтымақтастығын дамытудың әлеуметтік, саяси аспектілерінің теориялық-әдістемелік мәселелері бойынша талдаулар жүргізілді. Түркі тілдес мемлекеттердің философиясы, мәдениет тарихы туралы мәліметтер алмасылды. Түркітілдес мемлекеттердің интеграциясы мен ынтымақтастығын дамытудың әлеуметтік, мәдени, саяси аспектілері мәселесі талқыланды.