Заң факультетінде Халықаралық құқықтық олимпиада өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Халықаралық құқықтық олимпиада өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілетті ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеп алу мен оларға қолдау көрсету; студенттердің зияткерлік потенциалының қалыптасуына жәрдемдесу; студенттер мен жас ғалымдарды заманауи ғылыми мәселелерді шешуге шақыру; ғылыми қызметке деген қызығушылықты дамыту.
Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде, жекелей және топтық біріншілікте өткізіледі. Топтың құрамы- 3 адам.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең- тест. Екінші кезең- тәжірибелік есептерді шешу.
Олимпиада келесідей пәндер бойынша өткізіледі:
- мемлекет және құқық теориясы;
- конституциялық құқық;
- азаматтық құқық;
- азаматтық іс жүргізу құқығы;
- қылмыстық құқық;
- қылмыстық іс жүргізу құқығы;
- экологиялық құқық;
- қаржылық құқық.
Олимпиада келесі мекен-жай бойынша өткізіледі: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ГУК №3, 413 ауд.
7-8 сәуір 2016 жыл
Олимпиада қатысушыларын тіркеу- 9.30. Олимпиада жұмысының басталуы- 10.00.