- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі биотехнологиялар мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты конференция өтеді
«Қазіргі биотехнологиялар мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты конференция өтеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ІІІ Халықаралық Фараби оқулары шеңберінде, ірі ғалым - микробиолог, Қазақстан ұлттық жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, ЖОО-2007 Үздік оқытушысы, биология ғылымдарының докторы Жұбанова Ажар Аметқызының 75 жылдық мерейтойына арналған, «Қазіргі биотехнологиялар мәселелері: лабораториялық зерттеулерден өндірістерге» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция өтеді.
Конференцияда биотехнологиядағы заманауи ғылыми мәселелер талқыланады.
Сонымен қатар, G-Global кешенінде дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Дөңгелек үстелдің негізгі тақырыбы орта және жоғарғы мектептерде заманауи маман-биотехнологтарды жұмыс берушінің талабына сай дайындау.
Конференция жұмыстарына Германия, Ресей және ТМД мемлекеттерінің биология, биотехнология, медицина және экология салаларында жұмыс жасайтын, белгілі ғалымдар қатысады.
Конференцияда ғылыми ізденіс нәтижелері 5 кілттік спикерлермен тағайындалады, 300 баяндаушылардың ауызша және көп көлемде қабырғалық баяндамалары қарастырылады. Осы жұмыстарға байланысты келесідей секциялар ұйымдастырылған:
- Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің биотехнологиялық генетикалық потенциалдары.
- Экологиялық биотехнология және биоэнергетиканың өзекті мәселелері.
- Медицина, ветеринария және ауылшаруашылығында жаңа биотехнологиялық препараттар дайындаудың практикалық шешімдері.
Конференция ұйымдастырушылары биотехнология саласының Қазақстандағы ұйымдастырушылары болып табылады, олар:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
- Биология және биотехнология мәселелерінің ғылыми – зерттеу институты;
- Экология мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы;
- ҚР БҒМ микробиология және вирусология иституты;
- ЖШС «Антиген» ғылыми – өндірістік орны;
- Ақпараттандыру ұлттық орталығы АҚ;
- «Центр педагогических технологий информатизации образования» білім беру орталығы;
- «ЭКСТРАПРЕСС Ко» шұғыл басылым орталығы.
Өтетін уақыты: 2016 жылдың 7-8 сәуір күндері
Өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат