Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай Алматы қаласының КГУ «№97 мектеп-гимназиясының» жоғары сынып оқушыларына арналған «Батырларға құрмет!» атты Ерлік СабағыFarabi University

Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай Алматы қаласының КГУ «№97 мектеп-гимназиясының» жоғары сынып оқушыларына арналған «Батырларға құрмет!» атты Ерлік Сабағы

5 қараша, 2025

Әскери кафедра Алматы қаласындағы №97 мектеп-гимназиясының оқушыларына Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Батырларға құрмет атты Ерлік Сабағын өткізді.

Бұл іс-шара жастардың бойында патриотизмді, төзімділікті және Отан батырларына деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара болды. Мектеп оқушылары Әлия Молдағұлованың өмірбаяны мен ерлігі туралы біліп, оның өмірі мен әскери жолы туралы деректі фильмдерді көрді және батыр мергенге арналған көрмені тамашалады.

«Ерлік сабағы» аясында қыздар арасында «Үздік мерген» байқауы өтіп, қатысушылар дәлдік, төзімділік, тәртіптілік танытып, сол арқылы ержүрек батыр қыздың рухына тағзым етті.

Іс-шарадан кейін әскери кафедра бастығының орынбасары полковник А.С. Мусин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедра бастығы полковник Олег Вали-Ахметұлы Ажимовтың атынан байқау жеңімпаздарына: 10В сынып оқушысы Богдана Скорнякова мен 10А сынып оқушысы Жанель Рахметқалиеваға грамоталар табысталды. Ерлік сабағы әскери кафедраның домбырашыларынан құралған студенттердің өнерімен ерекшеленді, олар батылдық, Отанға деген сүйіспеншілік және батырларды еске алу туралы әндерден тұратын попурри орындады.

Бұл Ерлік сабағы мектеп пен әскери кафедра арасындағы тығыз ынтымақтастықтың үлгісі болып, батырлардың естелігі жаңа ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталатынын және оларды Отанына қызмет етуге шабыттандыратынын дәлелдеді.