«25 қазан – Республика күні» (кураторлық сағат)
- Студенттердің бірінші аралық бақылауын талқыладық
- « 25 қазан – Республика күні »
Жауапты тұлға, куратор-эдвайзер: Усманова А.М.
Қатысушылар:« Кибер қауіпсіздік және криптология » кафедрасының «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері 23-01 » тобының студенттері.
Бірінші болып топтың эдвайзер-кураторы Усманова А.М сөз сөйледі, студенттердің тәртібі және сабаққа уақытында қатысып отыруын, берілген тапсырмаларды уақытымен жіберіп орындалуын қадағалап бірінші аралық бақылаудың нәтижесін талқылады.
Екінші сұрақ бойынша топ студенті Сайрам Нұрболат баяндама оқып, Республика күні – Қазақстанның маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі екенін атап өтті. Бұл күн Қазақстан Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін паш ететін мереке болып саналады. Республика күні – еліміздің ұлттық құндылықтарын сақтап, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің негізін қалаған күн ретінде ерекше маңызға ие. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация 1990 жылдың 25 қазанында қабылданды, бұл мемлекетіміздің саяси тәуелсіздікке қарай бет алған алғашқы қадамдарының бірі болды. Декларация Қазақстанның халықаралық құқықтық субъектілігін, ұлттық мүдделерін қорғау құқығын және ұлттық валютаны енгізу мүмкіндігін анықтады. Бұл күні біздің мемлекетіміздің жаңа дәуірі басталып, ұлттық бірлік пен тәуелсіздік идеясы кең көлемде жаңғырды.
Республика күні әр қазақстандық үшін патриоттық сезімді нығайтып, мемлекетіміздің болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін мереке болып табылады. Осы мерекеде елдің экономикалық, мәдени және әлеуметтік дамуы жөнінде ой бөлісіп, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға құрмет көрсетеміз.
Топтың куратор-эдвайзері Усманова А.М.
Басқа жаңалықтар