- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму мақсаттары аясында Book Fest 2025 фестиваліне ҚазҰУ студенттері қатысты
Тұрақты даму мақсаттары аясында Book Fest 2025 фестиваліне ҚазҰУ студенттері қатысты
«Сапалы білім беру» және «Тұрақты даму үшін серіктестік» атты БҰҰ тұрақты даму мақсаттары аясында Book Fest 2025 фестивальына Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – жастардың рухани және мәдени дамуына, сонымен қатар оқу мен өзін-өзі жетілдіруге деген қызығушылығын арттыру болды. Фестиваль аясында танымал отандық және шетелдік авторлармен, бизнес пен медиа өкілдерімен кездесулер өтті. Іс-шара форматы дәрістерді, шеберлік сабақтарын және автограф-сессияларды қамтыды. Оқырмандардың ерекше қызығушылығын Қайрат Жолдыбайұлы, Ұларбек Дәлейұлы, Баянгали Әлімжанов, Жақсылық Сабитов, Қыран Талапбек, Рашид Нұғманов, Ольга Примаченко және басқа да танымал тұлғалардың кездесулері өтті. Олар өз оқырмандарымен Meloman/Marwin дүкендерінде жылы жүзбен сұхбаттасып, әсерлі әңгіме өрбітті. Бұл іс-шара университеттің сапалы білім беру мен ғылыми серіктестікті дамытудағы стратегиялық бағытымен тікелей үндес.

Курманалиева А.Д. филос.ғ.д., профессор,
Балтымова М.Р. профессор м.а.
Турысбекова Д.А. докторант
Басқа жаңалықтар