Кураторлық сағат баяндама және талқылау форматында өтті. Әр магистрант алдын ала дайындалып, университеттің негізгі құжаттарының бірі бойынша қысқаша баяндама жасады. Кездесу барысында Академиялық саясат, Ар-намыс кодексі, Студент туралы ереже және Жасанды интеллект технологияларын қолдану ережесі сияқты маңызды құжаттар талқыланды.
Кураторлық сағат магистранттардың құқықтық және академиялық мәдениетін арттыруға, заң мен ережені құрметтеу сезімін қалыптастыруға және адал еңбектің құндылығын түсінуге бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды.