Срапилов Султанмурат МухамедовичFarabi University

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Срапилов Султанмурат Мухамедовичтің «Теоретико-правовые проблемы модернизации деятельности органов исполнительной власти в условиях информационного общества» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қонаев университетінің «Құқық» даярлау бағыты бойынша орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Тайторина Бинур Адамовна – заң ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тарих және құқық факультетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Кегембаева Жанар Аманжановна – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

1. Алибаева Гульнар Айтчановна – заң ғылымдарының докторы, Қонаев университетінің «Құқық» бағытының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Анджей Биштыга – хаб. доктор, профессор, Зеленогура университетінің құқық және экономика ғылымдары факультетінің деканы (Зелёна-Гура қ., Польша).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Сактаганова Индира Советовна – заң ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультеті Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан);

2. Рысмендеев Бактыбек Дженишбекович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының Жоғары заң академиясының прокуратура факультетінің деканы (Бішкек қ., Қырғызстан);

3. Тлешалиев Нурлан Даулеткулович – PhD, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2025 жылдың 08 желтоқсан  күні сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 300 аудиторияда өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/92305168125?pwd=txCP2Ty2Q7Vp2heTE0grfvtuqXUPap.1    

Конференция идентификаторы: 923 0516 8125

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық