«Менің арманымдағы Қазақстан болашағы» IV республикалық эссе байқауыFarabi University

«Менің арманымдағы Қазақстан болашағы» IV республикалық эссе байқауы

3 қараша, 2025

ТДМ 4(Сапалы білім беру) аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика кафедрасы 2025 жылдың 18–28 қазан аралығында Қазақстан Республикасы мектептерінің 8–11 сынып оқушылары арасында Республика күніне арналған «Менің арманымдағы Қазақстан болашағы» атты IV республикалық эссе байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды жастарды анықтау және қолдау, ғылыми ізденіске қызығушылықты арттыру, сондай-ақ академиялық және достық байланыстарды нығайту.

Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінің 33 мектебінен оқушылар қатысып 45 эссе жұмысы қабылданды.

Марапаттау 2025 жылдың 1 қараша күні ZOOM платформасында онлайн форматта өтті.

Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен және қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Барлық қатысушылар мен жетекшілерге белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз!
Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз!

Ұйымдастыру комитеті: Дәулиева Г.Р., Андабаева Г.К., Иляшова Г.К., Сәрсенова Ә.Ж.