Ректор университеттің қаржы мамандарымен кездесті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Ұлттық валюта – теңге күні және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында оқу ордасының есеп пен қаржы саласында қызмет ететін мамандармен кездесті.
Жүздесуге ҚазҰУ-да 40 жылға жуық жұмыс атқарып келе жатқан қызметкерлер мен жас мамандар жиналды.
Ректор университеттің қаржы жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін алғыс айтты. Университет басшысы оқу ордасының бүгінге дейін жеткен жетістіктері туралы ақпарат беріп, ҚазҰУ-дың болашақтағы даму жоспарын таныстырды.

Жансейіт Түймебаев өз сөзінде бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, цифрлық шешімдерді енгізу және университеттің экономикалық тұрақтылығын нығайту бағытында жүйелі жұмыс атқару қажет екеніне тоқталды.
«Университеттің стратегиялық дамуы мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен мол тәжірибелеріңіз оқу ордамыздың табысты жұмыс істеуіне үлкен үлес қосады», – деді ректор.

Сөз соңында ректор бірқатар мамандарды «Farabi» медалімен, «Құрмет» грамотасы және алғыс хаттармен марапаттады.
































Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар