Биримбаева Ляззат Муратбековна
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05203-Гидрология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Биримбаева Ляззат Муратбековнаның «Жайық-Каспий су шаруашылық алабы өзендерінің минималды ағындысының заманауи өзгерістері және келешекке бағалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы – мақалалар сериясы.
Қорғау тілі - орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Садвакасова Салтанат Рагимовна – география ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жаратылыстану ғылымдары факультеті, Физикалық және экономикалық география кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: «25.00.27 - Құрлық гидрологиясы, су ресурстары және гидрохимия».
- Козыкеева Алия Тобажановна – техника ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Су ресурстары және IT технологиялар факультетінің Су ресурстары және мелиорация кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандықтары: «06.01.02 - Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау және 25.00.36- Геоэкология».
Ғылыми жетекшілер:
- Турсунова Айсулу Алашевна – география ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Су ресурстары зертханасының басшысы (Алматы қ., Қазақстан).
- Мария-Елена Родриго-Клаверо – PhD, Валенсия Политехникалық Университетінің Гидравлика және экологиялық инженерия кафедрасының профессоры (Валенсия қ., Испания).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Калашникова Ольга Юрьевна – география ғылымдарының кандидаты, Орталық Азиялық жерді қолданбалы зерттеу институтының «Климат, су және геоэкология» 2-бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Бишкек, Қырғызстан).
- Самарханов Канат Бауыржанович – география ғылымдарының кандидаты, «Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің бас ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан).
- Молдахметов Марат Молдабекович – география ғылымдарының кандидаты, доцент, Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институты (Тараз қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 18 желтоқсан күні сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D07304 – Жерге орналастыру», «8D07302 – Геоинформатика», «8D07303 – Картография», «8D11101 (6D090200) – Туризм», «8D01503 - География», «8D05202 (6D060900) – География», «8D05207 (6D060800) – Экология», «8D05203 (6D061000) – Гидрология», «8D05204 – Метеорология», «8D07301 (6D071100) – Геодезия» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде гибридті формат түрде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71/19, география және табиғатты пайдалану факультеті, №225 аудиториясы.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/98140468552?pwd=YjUkSpWSuApClxMLsUKFMfGOj011nz.1
Конференция идентификаторы: 981 4046 8552
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық
Басқа жаңалықтар