Коммерцияландыру
Бүгінгі күні жалпы құны 2,146 млрд теңгені құрайтын 8 гранттық қаржыландыру аясындағы коммерцияландыру жобасы іске асырылып жатыр.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттық конкурстардың қорытындысы бойынша университет қызметкерлері төмендегі жобаларды жеңіп алды:
2022–2024 жылдары іске асырылған жобалар:
«Машина жасау және аспап жасау саласының қажеттіліктеріне арналған металл өнімдерін соңғы өңдеуге маманданған инновациялық өндірістік орталық құру»
Жобаның жалпы бюджеті: 43 840 786 теңге.
Жоба жетекшісі: Алине Галеева.
2023–2025 жылдары іске асырылып жатқан жобалар:
A) «Қазақстанның табиғи шикізатынан иммуномодуляторлық және вирусқа қарсы қоспаларды өндіру және коммерцияландыру»
Жалпы бюджеті: 350 млн теңге.
Жоба жетекшісі: Жеңіс Жанар.
B) «Фермерлік өнімдерді лиофильді кептіру технологиясы арқылы жоғары тиімді өңдеуге арналған мобильді қондырғылар»
Жалпы бюджеті: 237,7 млн теңге.
Жоба жетекшісі: Ербол Ихсанов.
C) «Мал және құс шаруашылығына арналған отандық органикалық жемшөп қоспасын өндіру»
Жалпы бюджеті: 350 млн теңге.
Жоба жетекшісі: Әсем Кенжебек.
2024–2026 жылдары іске асырылып жатқан жоба:
«Фунгицидтік әсері бар жаңа екі функциялы өсімдіктер өсімін ынталандыратын "NANOQUQIRT" препаратын өндіру және тарату»
Жалпы бюджеті: 195 234 289,82 теңге (ҚҚС-мен).
Жоба жетекшісі: Мұхамбетқали Бүркітбаев.
2025–2027 жылдары іске асырылатын жобалар:
«Төмен минералданған хлорид-натрийлі термалды жерасты суларына негізделген, ресурсты үнемдейтін инфрақұрылымы бар сауықтыру кешенін құру»
Жалпы бюджеті: 350 000 000 теңге.
Жоба жетекшісі: Артём Шатаев.
«Бегей аймағында тарихи-мәдени парк құру және туризм мақсатында қолдануға арналған археологиялық картасын цифрлық технологиялар арқылы әзірлеу»
Жалпы бюджеті: 350 000 000 теңге.
Жоба жетекшісі: Рақымбек Әміржанов.
«Микрокапсулаланған пробиотиктері бар комбинацияланған сүт негізінде функционалдық тағам өнімдерін әзірлеу»
Жалпы бюджеті: 350 000 000 теңге.
Жоба жетекшісі: Ирина Савицкая.