Профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамасы: тәжірибе алмасу және кәсіби құзыреттілікті дамыту
Телеуев Галым Байгазыевич (доктор PhD, аға оқытушы)
Телеуев Галым Байгазыевич 20.05.2022 -20.05.2023 аралығында 500 ғалым "Болашақ" бағдарламасы аясында Джордж Вашингтон Университетінде (АҚШ) "Жоғары білім жүйесіндегі көшбасшылық" бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми тағылымдама барысында жоғары білім жүйесіндегі менеджмент жөнінде білім алып, озық тәжірибемен танысты.
Есекеева Айнаш Акимсаловна (аға оқытушы)
Стамбул университетінің (Түркия) заң факультетінде 2024 жылдың 15 мамыры мен 19 маусымы аралығында шетелдік ғылыми тағылымдамадан шетелдік ғылыми кеңесшім философия докторы, профессор Мария Риеккениннің (АВО академиясы, Турку қ., Финляндия) келісім хаты бойынша өттім.
Ғылыми тағылымдаманың зерттеу тобы - Стамбул университетінің заң факультеті. Ғылыми жетекшім заң факультетінің деканы, профессор Фетхи Гедикли болды.
Тағылымдамадан өтуімнің негізгі мақсаты – ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын дамыту және тереңдету, жаңа біліммен тәжірибе алмасу, зерттеу жұмыстарына қатысу арқылы теориялық және практикалық білімді кеңейту. Бұл тағылымдама ғылыми тәжірибе жинақтауға, оларды кәсіби түрде қолдануды арттыруға және ғылыми қоғамдастықпен байланыс орнатуға ықпал етті. Сонымен қатар, ғылыми тағылымдама барысында заманауи ғылыми әдістерді меңгеріп, зерттеу нәтижелерін ғылыми ортада таныстыруға және талқылауға мүмкіндік алдым.
Тағылымдама барысында «Бала құқықтары жөніндегі уәкіл: қазақстандық модельдің ерекшелігі, даму мәселелері мен перспективалары» тақырыбындағы диссертациялық жұмысымның тараулары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
Накишева Махаббат Кенжехановна (доктор PhD, аға оқытушы)
“Болашақ” халықаралық бағдарламасы бойынша “Білім беру саласындағы менеджмент” мамандығы тағылымдама(2022-2023).
Сан Диегодағы Калифорния Университеті (University of California San Diego), Америка Құрама Штаттары.
Куандыкова Эльвира Серикбаевна (аға оқытушы)
Қуандықова Эльвира Серікбайқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының заң факультетінің «8D40203-Құқықтану» 3 курс докторанты (Алматы қ.), Таллин қ. Таллин техникалық университетінің заң институтында (Эстония) 2023 жылғы 7 ақпаннан 2023 жылғы 21 наурызға дейін шетелдік ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. TalTech Заң мектебі 20 жылдан астам уақытты (2009 жылы Талин техникалық университетінің шешімімен құрылған) интернационалдылықпен және аймақтағы ең жоғары деңгейде болуға ұмтылумен сипатталатын табысты оқыту мен зерттеулерді біріктіреді. TalTech-те ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтудің ең маңыздысы-TalTech дәстүрлі құқықтық дискурстармен қатар Еуропалық Одақтың құқықтық кеңістігіне баса назар аудара отырып, технологиялық құқық сияқты дамушы салаларда заманауи жоғары білім мен білім беруді қамтамасыз етеді. Түлектері инновациялық технологияларды енгізу, реттеу және енгізу саласындағы жетекші заңгерлер болып табылады.
Альменбетова Тұрсынкүл Аралбекқызы (оқытушы)
Оқытушы Т. А. Альменбетова 2024 жылы 4 сәуір мен 3 мамыр аралығында Гданьск университетінде (Польша) ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама бағдарламасы аясында ол қаржы және салық құқығы мәселелерін зерттеп, осы пәндерді шетелдік университетте оқытудың ерекшеліктерімен танысты, сондай-ақ Гданьск университетінде білім беру процесінің құрылымы мен ұйымдастырылуы туралы түсінік алды.