Farabi University

Студенттер мен барлық қызығушылық танытқан жандарға арналған киноклуб материалдары мен фильмдер

Паприка, 2006 Тиба Ацуко, дарынды психотерапевт. Ол Психикалық денсаулық институтында жұмыс істейді. Ғалым Токита Косаку ойлап тапқан DC-мини деген құрылғы арқылы адамдардың түсіне кіріп, қорқынышты түстерден емдейді. Ол мұны Паприка деген басқа бейнесі арқылы жасайды. Бірақ бір күні сол құрылғыны біреу ұрлап кетеді. Ұры оны басқа адамдардың түсіне рұқсатсыз кіру үшін пайдаланады. Сол кезде адамдардың түсі қорқынышты болып, жүйкелері бұзыла бастайды. Ацуко мен оның командасы құрылғыны ұрлаған адамды тауып, оның не үшін істегенін біліп, осы қорқынышты түстен шығудың жолын іздейді.