8D02203 Дінтану
Мақсат : Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік, халықаралық, ғылыми-зерттеу, оқытушылық сараптамалық, ұйымдастыру-басқару қызметі, талдау және консалтинг салаларында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Докторанттардың келесі кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту: ойлаудың икемділігі, назар аударудың шоғырлануы мен ауыстырып-қосымдылығы, қабылдау дәлдігі, логикалық ойлау қабілеті, жалпылау қабілеті, шығармашылық қабілеті, ғылыми-оқытушылық қызметтің ең жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге қызығушылығы. Сондай-ақ, Дінтану зерттеулері саласында жаңа білімді жинақтау, ғылыми-негізделген әдіснамалық ұстанымдардан және жаңа ғылыми тұжырымдамаларды жинақтаудан пәнаралық зерттеулерді қолдана отырып, ғылыми проблемаларды шешу; ғылыми-зерттеу жұмыстарын және далалық зерттеулерді өз бетінше жүргізуге қабілетті. Ғылыми, педагогикалық және өндірістік міндеттерді өз бетінше қою және шешу, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына белсенді жәрдемдесу.
Сипаттама
Осы білім беру бағдарламасы аясында білім алушылар дінтану мәселелерін келесі Тұрақты даму мақсаттарына байланысты зерттейді:
ТДМ 4. Сапалы білім беру. Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігі қарастырылады.
ТДМ 8. Лайықты еңбек және экономикалық өсу. Еңбек нарығындағы өзгерістер, жұмыспен қамту, кәсіби мобильдік, еңбекті цифрландыру және экономикалық өзгерістер зерттеледі.
ТДМ 16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар. Институционалдық сенім, азаматтық қатысу, әлеуметтік әділеттілік, қоғамдық қақтығыстар және әлеуметтік институттардың тиімділігі қарастырылады.
Білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты мемлекеттік, халықаралық, ғылыми-зерттеу, оқытушылық сараптамалық, ұйымдастыру-басқару қызметі, талдау және консалтинг салаларында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Докторанттардың келесі кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту: ойлаудың икемділігі, назар аударудың шоғырлануы мен ауыстырып-қосымдылығы, қабылдау дәлдігі, логикалық ойлау қабілеті, жалпылау қабілеті, шығармашылық қабілеті, ғылыми-оқытушылық қызметтің ең жоғары нәтижелеріне қол жеткізуге қызығушылығы. Сондай-ақ, Дінтану зерттеулері саласында жаңа білімді жинақтау, ғылыми-негізделген әдіснамалық ұстанымдардан және жаңа ғылыми тұжырымдамаларды жинақтаудан пәнаралық зерттеулерді қолдана отырып, ғылыми проблемаларды шешу; ғылыми-зерттеу жұмыстарын және далалық зерттеулерді өз бетінше жүргізуге қабілетті. Ғылыми, педагогикалық және өндірістік міндеттерді өз бетінше қою және шешу, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына белсенді жәрдемдесу.
1.Білім беру ұйымдарында дінтанулық пәндер бойынша оқытушылық қызметті жүзеге асыру
2.Дайындық бейініне сәйкес оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құжаттамаларды жобалау
3.Ішкі саясат басқармасында инновациялық өнімдерді/қызметтерді құрудың әдістері мен технологияларын әзірлеу
4.Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі ұйымдастыру күрделі әлеуметтік, саяси және діни жүйелер туралы зерттеу ақпаратының ғылыми және синергетикалық әсерін жоспарлау
5.Дінді зерттеудің теориялық және қолданбалы тәсілдерін, қазіргі дінтану ғылымында болжау және модельдеу әдістерін кәсіби қызметінде пайдалана алу
6.Діни сараптама және дінтану сараптамасының инновациялық әдістерін қолдану
7.Дінтанудың өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар мен монографиялар жариялау
8.Дін және діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша кеңес беру кезінде кәсіби білімді пайдалану
Докторантураның білім беру бағдарламалары
1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық хат — 3 ECTS
- Ғылыми зерттеу әдістері — 3 ECTS
- Дін туралы ғылымның өзекті мәселелері — 5 ECTS
- Қазіргі әлемдегі дін — 5 ECTS
- Қазіргі әлемдегі дін және зайырлылық — 5 ECTS
- Тарихи және қазіргі замандағы діни мәдениет мәндері — 5 ECTS
- Дінтанулық теорияларды зертеудің әдістері мен технологиясы — 5 ECTS
- Мемлекет және дін арақатынастары — 5 ECTS
- Қазіргі замандық діни философиядағы антропологиялық дискурс — 5 ECTS
- Діни антропология және танатология — 5 ECTS
- Рухани саладағы конфликтология — 5 ECTS
- Альтернативті діни топтар — 5 ECTS
- Діни және мәдени көптүрлілік — 5 ECTS
- Діни сана және діни стереотиптер — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Докторлық диссертацияны орындау — 11 ECTS
- Ғылыми семинар — 2 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Педагогикалық — 10 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау — 14 ECTS
- Ғылыми семинар — 8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Зерттеу — 5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау — 15 ECTS
- Ғылыми семинар — 4 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Зерттеу — 5 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Докторлық диссертацияны орындау — 8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама — 10 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау — 2 ECTS
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
- Докторлық диссертацияны жазу және қорғау — 12 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 10 ECTS
Жұмысқа орналасу
8D02203-Дінтану білім беру бағдарламаларының түлектері жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқытушы болып, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарады.
БАҚ-та, Діни бірлестіктерде, Дін істері комитеттерінде, Қоғамдық қорларда, ҚР Сыртқы істер министрлігінің құрылымдары мен бөлімшелерінде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, ҚР облыстары мен қалаларындағы Дін істері басқармаларында әртүрлі жоғары лауазымдарда қызмет атқарады
Байланыс
Дүйсенбі Динара Темірбайқызы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы: +7 708 804 7330