Сипаттама
Осы білім беру бағдарламасы аясында білім алушылар исламтану мәселелерін келесі Тұрақты даму мақсаттарына байланысты зерттейді:
ТДМ 4. Сапалы білім беру. Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігі қарастырылады.
ТДМ 8. Лайықты еңбек және экономикалық өсу. Еңбек нарығындағы өзгерістер, жұмыспен қамту, кәсіби мобильдік, еңбекті цифрландыру және экономикалық өзгерістер зерттеледі.
ТДМ 16. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар. Институционалдық сенім, азаматтық қатысу, әлеуметтік әділеттілік, қоғамдық қақтығыстар және әлеуметтік институттардың тиімділігі қарастырылады.
Білім беру бағдарламасы
Исламтану саласындағы біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
1.Ғылым, жоғары білім және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ету
2.Білім алушыларда зерттеу дағдыларының қажетті деңгейін дамыту
3.Заманауи ақпараттық технологияларды және қолданып және сараптамалық зерттеулерге және алынған іргелі, жүйелі білімге сүйене отырып, елдің діни кеңістігіндегі исламның рөлі мен орнына, исламтанулық, дінтанулық ғылыми материалдарға әртүрлі күрделілік деңгейлерінде сараптамалық қорытынды жасау
4.Исламтанудың күрделі мәселелері бойынша эксперименттік зерттеулер жүргізу барысында мемлекеттік және шет тілдеріндегі заманауи салыстырмалы және басқа әдістемелік тәсілдер мен ақпараттық технологияларға негізделген зерттеу процесін құру;
5.Эмпирикалық және теориялық әдістер мен ғылыми технологияларды қолдана отырып, тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде культтік-ғұрыптық тәжірибе, ислам туралы зерттеулер жүргізу
6.Халықтың діндарлығын анықтау және исламның түрлі бағыттарындағы мазмұнды сүзгілеу үшін, исламдағы деструктивті, экстремистік, салафизм ағымдарын қадағалау үшін исламтану және дінтану, конфессияаралық қатынастар (кросс-платформалық құрылғылар, қосымшалар, электрондық карталар және т.б.) саласындағы инновациялық стартаптарды дамыту
7.Өзара байланысты ғылыми салалар мен сандық технологиялардың білімдері мен әдістемесін қолдана отырып, мәселелерді, мақсаттарды, міндеттерді, тұжырымдарды, ережелерді құрастыра отырып, исламтанудың өзекті мәселелері бойынша тәуелсіз медиа-контент пен видеоөнімдер жасау
8.Исламтану саласындағы ғылыми және білім беру мәселелерін шешу бойынша қазақстандық және халықаралық зерттеу топтарының жұмысына қатысу
9.Дін психологиясы мен әлеуметтануы саласындағы соңғы инновациялық жетістіктер негізінде, халықтың жекелеген топтарының радикалдану деңгейін төмендетуге бағытталған дінтану саласындағы пәнаралық зерттеулер негізінде деструктивті діни культтарға енген адамдарға арналған әлеуметтік оңалту орталықтарының жұмысын ұйымдастыру
10.Оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін Web of Science немесе Scopus халықаралық деректер базасына енгізілген рейтингтік журналдарда, сондай-ақ ұлттық және халықаралық рецензияланған басылымдарда, монографияларда, оқулықтарда жариялау
Докторантураның білім беру бағдарламалары
1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық хат — 3 ECTS
- Ғылыми зерттеу әдістері — 3 ECTS
- Құрантану негіздері — 5 ECTS
- Қазіргі әлемдегі дін — 5 ECTS
- Исламтанулық зерттеулердегі дінаралық диалог — 5 ECTS
- Қазақстандағы исламтану: тарихы және қазіргі заман — 5 ECTS
- Исламның негізгі мәтіндері — 5 ECTS
- Мұсылмандық құқық және шариғат мақсаттары — 5 ECTS
- Ислам діни дәстүріндегі диалог жолы ретіндегі Ханафи мазһабы — 5 ECTS
- Суфизм тарихи перспективада — 5 ECTS
- Қазақстандық исламның қалыптасуындағы дәстүрлі және неодәстүрлі тәжірибе — 5 ECTS
- Исламды саясиландыру және саяси ислам — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Докторлық диссертацияны орындау — 11 ECTS
- Ғылыми семинар — 2 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Педагогикалық — 10 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау — 14 ECTS
- Ғылыми семинар — 8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Зерттеу — 5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау — 15 ECTS
- Ғылыми семинар — 4 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Зерттеу — 5 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Докторлық диссертацияны орындау — 8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама — 10 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау — 2 ECTS
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
- Докторлық диссертацияны жазу және қорғау — 12 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 10 ECTS
Жұмысқа орналасу
8D02205-Исламтану білім беру бағдарламаларының түлектері жоғары оқу орындарында, орта және арнайы техникалық, кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқытушы ретінде, жастар саясаты бойынша басқармаларда, Дін істері бойынша Департаменттерде сарапшы-кеңес беруші, Ғылыми зерттеу институттары мен орталықтарында ислам діні бойынша ғылыми қызметкер ретінде әр түрлі лауазымдарды атқара алады
Байланыс
Қойшыбаева Салтанат Санатқызы, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы:
+7 707 429 7879