Сипаттама
«Философия» докторантурасының білім беру бағдарламасы ғылым, жоғары білім, мемлекеттік басқару және қоғамдық ұйымдар салаларындағы күрделі дүниетанымдық, әдіснамалық және құндылықтық мәселелерді зерттеуге, дербес ғылыми зерттеулер жүргізуге және философиялық білімнің дамуына үлес қосуға қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Жаһандық сын-қатерлер жағдайында БББ миссиясы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асырумен тығыз байланысты және болашақ философия докторларының ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін, сыни және жүйелі ойлауын, академиялық адалдығын, әлеуметтік жауапкершілігін және кәсіби-этикалық ұстанымдарын қалыптастыруға бағдарланған.
Негізгі ТДМ-ды бағдарлама мазмұнына кіріктіру оның мынадай стратегиялық басымдықтарын айқындайды:
4-мақсат: Сапалы білім беру. Философиялық зерттеулердің заманауи әдіснамасын, ғылыми таным теориясын, академиялық этиканы және жоғары білім берудегі инновациялық тәсілдерді зерттеу.
5-мақсат: Гендерлік теңдік. Гендерлік әділеттілік, адам құқықтары және тең мүмкіндіктердің философиялық негіздерін талдау.
10-мақсат: Теңсіздікті азайту. Жаһандық әлеуметтік теңсіздік, әділеттілік және адам қадір-қасиеті мәселелерін философиялық тұрғыдан зерттеу. Бағдарлама университеттің «Жаһандық теңсіздік» басым ғылыми-зерттеу бағытымен байланысты.
12-мақсат: Жауапты тұтыну және өндіріс. Экологиялық этика, тұрақты даму философиясы және адамның табиғат алдындағы моральдық жауапкершілігі мәселелерін зерттеу.
16-мақсат: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар. Әділетті қоғам, адам құқықтары, қоғамдық келісім және әлеуметтік институттардың этикалық негіздерін философиялық тұрғыдан талдау.
Білім беру бағдарламасы
Академиялық, ғылыми салаларға, отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті әрі әлемдік стандарттар деңгейінде академиялық қызметті жүзеге асыру, зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие PhD докторларын дайындау.
1.Қазіргі заманғы үрдістерді, даму бағыттары мен заңдылықтарын, сондай-ақ жаһандану мен интернационалдандыру ахуалындағы әлемдік және отандық философияның жетістіктерін жүйелі түсіну негізінде заманауи рухани үдерістерге сыни талдау жүргізу
2.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру философиясы саласындағы студенттерге бағдарланған оқыту, бағалау және заманауи тәсілдемелерді ескере отырып оқу сабақтарын өткізу
3.Білім беру, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, философиялық пәндер бойынша оқу және ғылыми-әдістемелік материалдарды әзірлеу
4.Ғылым этикасы қағидалары және эксперименттік ғылыми қызмет технологияларын, іргелі және қолданбалы әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін меңгеру негізінде жоғары сапалы және нәтижелі ғылыми әзірлемелерді жүргізу
5.Қазіргі заманғы философия саласындағы, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландырумен) ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастауға, басқаруға және/немесе іске асыруға қатысу
6.Ғылыми білімнің аталған саласындағы эксперттік бағалау (peer-review) талаптарына сәйкес келетін, ғылыми саланың дамуына үлес қосатын және ғылыми басылымдарда жариялануға лайық сапалы бірегей ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы жаңа ғылыми идеялар мен ой-тұжырымдарды қорыту
7.Ғылыми қызметтің нысаналы бағыттары мен коммуникациялық практикалардағы трендтерді анықтауға негізделген ғылыми коммуникация саясатын іске асыру аясында аналитикалық-болжамдық қызметті жүргізу
8.Зерттеу нәтижелерін практикада іске асыру үшін ішкі және сыртқы ғылыми мектептермен/орталықтармен ынтымақтастық орнату
9.Кәсіби қызметте мәдениет пен қоғамдағы рухани байланыстардың рөлін және адам мен әлеуметтік әлемнің рухани ортақтастығын жүйелі түсінуді, қазақстандық руханилық пен мәдениеттегі философиялық дискурсты ашып көрсететін теориялық және әдіснамалық қағидаларды қолдану
10.Қазіргі заманғы философия саласындағы терең білімді кәсіби қызметте түсіндіру және шығармашылық тұрғыда пайдалану, түрлі әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді сипаттау, талдау, болжау әрі олардың сапалық және сандық талдауы негізінде кәсіби мәселелерді шешу
Докторантураның білім беру бағдарламалары
1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылыми зерттеу әдістері — 3 ECTS
- Қазіргі заманғы сана философиясы — 5 ECTS
- Адам капиталының әлеуметтік-философиялық аспектілері — 5 ECTS
- Инновация және инновациялық іс-әрекет – әлеуметтік-философиялық феномен ретінде — 5 ECTS
- Әлеуметтік-философиялық талдаудағы руханилық пен интеллект — 5 ECTS
- Философиялық дискурстағы университет идеясы — 5 ECTS
- Ренессанс феномені: Шығыс және Батыс — 5 ECTS
- Мәдениеттер диалогындағы ислам философиясы — 5 ECTS
- Философиялық антропологияның өзекті мәселелері — 5 ECTS
- Метаэтика — 5 ECTS
- Жаһандық проблемалар мен жаһандық зерттеулер философиясы — 5 ECTS
- Әлеуметтік-гуманитарлық танымдағы пәнаралық зерттеулердің әдістері мен принциптері — 5 ECTS
- Қалалық қоғам: мәдени-философиялық талдау — 5 ECTS
- Заманауи қоғамның мәселелері мен талаптары — 5 ECTS
- Әл-Фараби этикасы және қазіргі заман — 5 ECTS
- Бірегейлік феноменінің әлеуметтік-философиялық негіздері — 5 ECTS
- Қазіргі заман философиясындағы толеранттылық феномені — 5 ECTS
- Қазіргі заманғы өнер философиясы — 5 ECTS
- Қазіргі замандағы білім беру философиясының өзекті мәселелері — 5 ECTS
- Қазақ мәдениетінің құндылықтары — 5 ECTS
- Қазіргі заман сипатындағы қазақ философиясы — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 3 ECTS
- Академиялық хат — 3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық — 10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 11 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Ғылыми семинар — 2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу — 5 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 14 ECTS
- Ғылыми семинар — 8 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу — 5 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 15 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Ғылыми семинар — 4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Ғылыми тағылымдама — 10 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 8 ECTS
- Graduate Seminar — 6 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны жазу және қорғау — 12 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 10 ECTS
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 2 ECTS
Жұмысқа орналасу
«Философия» мамандығы бойынша түлектер үшін негізгі жұмыспен қамтышулар төмендегідей:
1.Әртүрлі мекемелердегі ғылыми-зерттеу орталықтары (фондтар, орталықтар)
2.Жоғары білім беру мекемелері
3. Кәсіби және өзге де қоғамдық бірлестіктер
4. Ақпараттық агенттіктер
5. Мемлекеттік мекемелер (әкімшілік, министрліктер мен ұйымдар және т.б.
Ғылыми-зерттеу институттары және орта және жоғарғы білім беру мекемелері, қоғамдық және мәдени орталықтар, мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары да философия саласының мамандарына мұқтаж екендерін көрсетуде. Докторантура бағдарламасы болашақта академиялық қызмет жүргізем деген жас зерттеушілерге бағытталған және философияны оқытудың ұлттық дәстүрлері мен үздік батыс университеттерінде сараптамадан өткен докторанттарды даярлау тәжірбиесін үйлесімді біріктіреді.
Білім беру бағдарламасының түлектері педагогика, аударма ісі мен редакциялау тәжірибесімен, мәдени саясат саласында аналитикамен, медиялық және арт-жобаларды жүзеге асырумен байланысты әртүрлі кәсіби салаларда қызмет ете алады.
Байланыс
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ, ФИЛОСОФИЯ КАФЕДРАСЫ Масаншы көшесі, 39/47, 4 OК, №413 кабинет
Байланыс телефондары: + (727) 377 33 33 (2129)
Е-mail: Aset.Kuranbek@kaznu.edu.kz