8D01704 Орыс тілі мен әдебиеті
Мақсат : Білім беру бағдарламасы жоғары оқу орындарында орыс тілі мен әдебиетін оқыту саласында жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамды және білім беру жүйесінде басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған.
Сипаттама
8D01704 – ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ білім беру бағдарламасы төмендегі Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға ықпал етеді:
ТДМ 4 «Сапалы білім»
Білім беру бағдарламасы жоғары білім беру жүйесі үшін орыс тілі мен әдебиеті саласында жоғары білікті педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Бағдарламаның мазмұны докторанттардың ғылыми-зерттеу және кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктерін дамытуға, заманауи білім беру технологиялары мен зерттеу тәсілдерін меңгеруге және оларды сыни тұрғыдан қолдануға мүмкіндік береді.
Бағдарлама докторанттардың ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізу, оқытудың инновациялық модельдері мен әдістемелерін әзірлеу және апробациялау, сондай-ақ inclusive pedagogy, sociocultural learning, education for cultural diversity және intercultural awarenessқағидаттарын білім беру практикасына кіріктіру қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған. Аталған бағыттарды іске асыру тілдік және әдеби білім берудің сапасын арттыруға, білім беру үдерісін жетілдіруге және білім алушылардың академиялық жетістіктеріне қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.
ТДМ 10 «Теңсіздікті азайту»
Білім беру бағдарламасы докторанттардың білім алушылардың әртүрлі білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу және қолдану үшін қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама инклюзивті тәсілдерді дамытуға, білім алушылардың жеке білім беру траекторияларын дараландыруға, психологиялық-педагогикалық және консультациялық қолдауды ұйымдастыруға, сондай-ақ білім алушылардың әртүрлі санаттарының білім беру және академиялық ортаға толыққанды қатысуына қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.
Бағдарлама шеңберінде білім беру үдерісін қолдауға бағытталған қызметтерді, оның ішінде білім беру консультацияларын, білім беру бағыттарын таңдауға қатысты консультация беруді, бағалау және білім беру тестілеуін, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында студенттердің академиялық ұтқырлығы мен алмасу бағдарламаларын ұйымдастыруға қатыса алатын мамандарды даярлау жүзеге асырылады. Аталған бағыттарды іске асыру білім беру ресурстарына қолжетімділікті кеңейтуге, білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін қолдауға және олардың академиялық әрі кәсіби дамуы үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.
Осылайша, бағдарлама equality, equity, inclusion, disability equality және diversityқағидаттарын іске асырады, кемсітушілікке жол бермейтін білім беру ортасын қалыптастыруға және ТДМ 10 «Теңсіздікті азайту» мақсатына сәйкес білім беру саласындағы теңсіздікті төмендетуге ықпал етеді.
ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсаттарындағы әріптестік»
Білім беру бағдарламасы докторанттардың орыс тіл білімі мен әдебиеттану саласында кәсіби, академиялық, пәнаралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл жасауға қажетті құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Филология ғылымының заманауи тұжырымдамаларын меңгеру, ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми еңбектерді дайындау және жариялау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін орыс және ағылшын тілдерінде таныстыру докторанттардың академиялық және ғылыми қоғамдастыққа кірігуін және кәсіби коммуникацияларын дамытуды қамтамасыз етеді.
Ғылыми коммуникация, жобалық және зерттеу қызметі дағдыларын дамыту кәсіби және пәнаралық байланыстар орнатуға, білімдермен және ғылыми зерттеу нәтижелерімен алмасуға ықпал етеді. Орыс тілі мен әдебиетін отандық, шетелдік және Орталық Азия мәдени кеңістігі контексінде зерделеу мәдениетаралық диалог, академиялық ұтқырлық және халықаралық ғылыми ынтымақтастық үшін жағдай жасайды.
Бағдарлама шеңберінде ғылыми-зерттеу және жобалық қызмет жүзеге асырылады, оның ішінде зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру әлеуеті бар жобаларды әзірлеу көзделеді. Халықаралық ғылыми-метрикалық дерекқорларда индекстелетін басылымдарда ғылыми еңбектерді дайындау және жариялау академиялық әріптестікті кеңейтуге, ғылыми білім алмасуға және зерттеу нәтижелерін жергілікті білім беру кеңістігінен тыс таратуға ықпал етеді.
Осылайша, бағдарлама халықаралық және пәнаралық әріптестік қағидаттарын іске асырады, академиялық өзара іс-қимылды дамытуды қамтамасыз етеді және халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа, академиялық ұтқырлыққа, трансшекаралық өзара іс-қимылға және тұрақты даму мүддесіндегі ғылыми-білім беру әріптестігінің басқа да нысандарына ықпал етеді.
Осы арқылы бағдарлама international cooperation, cross-border collaboration, academic mobility және interdisciplinary partnership бағыттарын дамытуды қамтамасыз етеді, халықаралық және пәнаралық әріптестік байланыстарды кеңейтуге, ғылыми білімдермен, зерттеу нәтижелерімен және кәсіби тәжірибемен алмасуға тұрақты даму мүддесінде ықпал етеді.
Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасы жоғары оқу орындарында орыс тілі мен әдебиетін оқыту саласында жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамды және білім беру жүйесінде басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған.
1. Орыс тіл білімі мен әдебиеттану саласындағы іргелі, жүйелі білімдерді қазіргі филология ғылымының концепциялары аясында бағалау.
2. Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың нәтижелері мен жаңа тенденцияларын (филологиялық және гуманитарлық білім контекстінде) пайдалана отырып, кәсіби деңгейде орыс тілі мен әдебиеті саласындағы әртүрлі деңгейдегі күрделіліктегі зерттеу мәселелерін шешу.
3. Сыни тұрғыдан түсіну негізінде білім беру технологиялары мен оқыту әдістерін пайдалана отырып, жоғары оқу орындарында әдеби-лингвистикалық пәндер бойынша сабақтарды өткізуге, тест тапсырмаларын және сыныптан тыс жұмыстарды дайындауға арналған оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.
4. Жоғары оқу орындарында дәстүрлі, инновациялық, интерактивті, студенттерге бағытталған технологиялар мен оқыту әдістерін пайдалана отырып, сапалы сабақтар өткізу.
5. Ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігімен бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу, жобалық және оқу-кәсіби қызметінің түрлерін ұйымдастыру.
6. Білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ғылыми баяндамалар, тезистер, мақалалардың тезистері, филологиялық түсініктемелер, докторлық диссертациялар, оқу-зерттеу және ғылыми жобалар және т.б. түрінде тиісті кәсіби дайындық жоқ мамандарға, сондай-ақ білімі жоқ аудиторияға ұсыну.
7. Ғылыми құжаттаманы, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (БҒСБК) талаптарына сәйкес келетін орыс/ағылшын тілдеріндегі ғылыми мақалаларды, сондай-ақ Thomson-Reuters, Scopus және т.б. халықаралық деректер базасына енгізілген журналдарды баспаға дайындау.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Қазіргі филологиялық ғылымның концепциялары — 5 ECTS
- Ғылыми жарияланымдары дайындау әдістемесі — 5 ECTS
- Академиялық жазу — 3 ECTS
- Ғылыми зерттеу әдістері — 3 ECTS
- Жоғарғы мектепте орыс тілін оқытудағы инновациялық әдістемелері — 5 ECTS
- Жоғарғы мектепте орыс әдебиетін оқытудағы инновациялық әдістемелері — 5 ECTS
- Тіл біліміндегі ғылыми-зерттеу жобалары — 5 ECTS
- Әдебиеттанудағы ғылыми-зерттеу жобалары — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық практика — 10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 11 ECTS
- Ғылыми семинар — 2 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу практикасы — 5 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 14 ECTS
- Ғылыми семинар — 8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу практикасы — 5 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 15 ECTS
- Ғылыми семинар — 4 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Бітіру семинары — 6 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама — 10 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау — 2 ECTS
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 10 ECTS
- Қорытынды аттестаттау — 12 ECTS
Жұмысқа орналасу
«8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алған түлек кәсіби қызметтің келесі салаларында жұмыс істей алады: гуманитарлық ғылымдар бойынша ғалым-зерттеуші; жоғары білім берудегі орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі; жалпы орта, орта арнайы, жоғары білім маманы; білім беру қызметтері бойынша кеңесші.
«8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының түлектерін болашақта жұмысқа орналастыра алатын негізгі жұмыс берушілер:
- жоғары білім беру саласы: ЖОО;
- негізгі, жалпы орта және арнайы орта білім беру саласы;
- қосалқы білім беру қызметтерінің саласы, оның ішінде білім беру үдерісін немесе жүйені қолдау қызметтерін ұсыну;
- ғылыми сала.
«8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша түлектерінің жұмысқа орналасу талдауы 2022 жылы 100% құрады.
Байланыс
Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 3-4, 3-5
Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1331, 1365)