7M03220 Журналистика
Мақсат : Заманауи журналистика парадигмасы негізінде коммуникативтік, жүйелік, интеграциялық әдістер контекстінде ақпараттық қоғам моделін меңгерген медиа саласына бәсекеге қабілетті мамандарды бейіндік бағытта сапалы дайындау.
Сипаттама
Бағдарлама заманауи журналистика парадигмасына негізделген коммуникациялық, жүйелік және кешенді әдістер контексінде ақпараттық қоғам моделі туралы білімі бар медиа саласының бейіндік бағыты бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлауға бағытталған.
Бағдарлама аясындағы оқу және зерттеу қызметі Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) мынадай мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған:
4-мақсат. Сапалы білім беру. Медиа және заманауи журналистика саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
8-мақсат. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу. Қазіргі медиа нарығында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.
9-мақсат. Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым. Медиа саласында заманауи коммуникациялық, жүйелік және кешенді әдістерді қолдану.
10-мақсат. Теңсіздікті азайту. Қоғамның әртүрлі топтарының ұсынылуын және қоғамдық маңызы бар ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету.
16-мақсат. Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар. Заманауи журналистиканы қоғамды ақпараттандыру және сенімді ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету құралы ретінде дамыту.
Білім беру бағдарламасы
Заманауи журналистика парадигмасы негізінде коммуникативтік, жүйелік, интеграциялық әдістер контекстінде ақпараттық қоғам моделін меңгерген медиа саласына бәсекеге қабілетті мамандарды бейіндік бағытта сапалы дайындау.
1. Ғылыми журналистиканың парадигмаларын талдай отырып, журналистиканың әдіснамасы мен әдістерін зерттеу.
2. Журналистикадағы жасанды интеллектінің ықпалын айқындау мен әдістерін зерттеу және болжам жасау.
3. Цифрлы экожүйедегі журналистиканың дамуы мен трендтерін айқындап, ғылыми бағалау.
4. Цифрлы медианың технологияларын зерттеп, талдай отырып, ғылыми білімді жарияланымдау және практикада қолдану.
5. Телерадиохабар таратудың ғылыми моделін зерттеп, озат кейстерін талқылап, ұлттық медианарыққа енгізу баламаларын ұсыну.
6. Подкастингтің ғылыми негіздерін талдап, радиохабар таратудың жаңа әдістері мен технологияларын қолдана отырып, болжам жасау.
7. Көркем журналистика мен коммуникацияда мобилографияның қолдану парадигмасын ұсыну.
8. Ағылшын тілді бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылым мен инновациялық технологиялардың қазіргі заманғы өзара сабақтастық мәселелерін анықтап, сондай-ақ шетелдік тәжірибесін зерттеу.
9. Заманауи теле-радиостанцияларды типологиялау және жүйелеу бойынша менеджмент мәселелерін зерттеу.
10. Басқару психологиясының эмпирикалық әдістері мен технологияларын қолданып, инновациялық платформаларды пайдалана отырып, шығармашылық топта жұмыс істеу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
1) Бакалавриатты аяқтағаны жайлы диплом+ қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) Сертификат КТ
4) Фото 3×4 – 6 дана
5) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ( болған жағдайда)
6) 0/75у нысаны бойынша медициналық анықтама
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Менеджмент — 2 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби) — 2 ECTS
- Басқару психологиясы — 2 ECTS
- Цифрлы экожүйедегі журналистика — 6 ECTS
- Ғылыми білімді жарияланымдауда цифрлы медиа — 6 ECTS
- Ғылыми журналистиканың парадигмасы — 4 ECTS
- Журналистиканың методологиясы мен әдістері — 4 ECTS
- Журналистикадағы жасанды интеллект — 4 ECTS
- Телерадиохабар таратудың ғылыми моделі — 6 ECTS
- Подкастингтің ғылыми негіздері — 6 ECTS
- Мобилография көркем журналистика мен коммуникацияда — 6 ECTS
- Ғылыми семинар — 2 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Кәсіби — 11 ECTS
- Ғылыми семинар — 5 ECTS
- Ғылыми семинар — 6 ECTS
- Қорытынды аттестаттау — 8 ECTS