7M02105 Креативті индустриялар
Мақсат : Жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру саласы үшін кәсіби кадрларды сапалы даярлау, креативті индустрияның ғылыми негіздерін үйренуге қабілеттілігі, өнім мен қызметтің инновациялық нарығының шығармашылық кластерінде іргелі білімді пайдалану, тұрақты даму мақсатында ойлау үлгілерін ықпалдастыру және ілгерілету, сондай-ақ білім экономикасы, мәдениет және цифрлық медиа саласында ерекше траекториясын құрастыру.
Сипаттама
Бағдарлама креативті индустрияның ғылыми негіздерін зерттей алатын, өнімдер мен қызметтер нарығының шығармашылық кластерінде іргелі білімді қолданатын, тұрақты даму мақсаттарына бағытталған ойлау модельдерін интеграциялап, ілгерілететін, сондай-ақ білім экономикасы, мәдениет және цифрлық медиа саласында бірегей траектория қалыптастыра алатын жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру саласына арналған кәсіби кадрларды сапалы даярлауға бағытталған.
Бағдарлама аясындағы оқу және зерттеу қызметі Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) мынадай мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған:
- 4-мақсат. Сапалы білім беру. Ғылыми-білім беру саласы үшін мамандар даярлау, креативті индустриялар саласындағы зерттеушілік және кәсіби құзыреттерді дамыту.
- 8-мақсат. Лайықты жұмыс және экономикалық өсу. Креативті индустриялар мен білім экономикасының кадрлық әлеуетін дамыту, мәдениет, медиа және креативті бизнес саласында кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасау.
- 9-мақсат. Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым. Инновациялық тәсілдерді, цифрлық медианы және креативті экономиканы дамытудың заманауи модельдерін қолдану.
- 11-мақсат. Тұрақты қалалар мен елді мекендер. Қоғамның мәдени және шығармашылық әлеуетін дамыту, мәдени бастамалар мен креативті ортаны қолдау.
- 12-мақсат. Жауапты тұтыну және өндіріс. Тұрақты даму қағидаттарына бағытталған ойлау модельдері мен кәсіби тәжірибелерді ілгерілету.
Білім беру бағдарламасы
Жоғары оқу орындарының ғылыми-білім беру саласы үшін кәсіби кадрларды сапалы даярлау, креативті индустрияның ғылыми негіздерін үйренуге қабілеттілігі, өнім мен қызметтің инновациялық нарығының шығармашылық кластерінде іргелі білімді пайдалану, тұрақты даму мақсатында ойлау үлгілерін ықпалдастыру және ілгерілету, сондай-ақ білім экономикасы, мәдениет және цифрлық медиа саласында ерекше траекториясын құрастыру.
1. Ғылыми зерттеулер жүргізу; ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асыру; шығармашылық ойлаудың жаңа өлшеміне трансформация жағдайында академиялық ғылымда да, креативті индустрия нарығында да философиялық қағидаттарға негізделген қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін түсініп, интерпртациялау; студенттік бағытта оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын (дәрістерден басқа) ұйымдастыру және өткізу арқылы оқыту;
2. Білім алушылардың академиялық құзыреттерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету; Қазақстанның креативті индустриясы саласындағы проблемаларды айқындау жөнінде бағдарламалар әзірлеу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету, капиталды одан әрі дамыту үшін алынған нәтижелерді корреляциялау.
3. Креативті индустрия нарығының болашақ тенденцияларын талдай отырып, инновациялық технологиялар құралдарын, салыстырмалы әдістер мен кейс-зерттеу нәтижелерін қолдана отырып және олардың даму модельдерін болжай отырып, ғылымның, жоғары білімнің және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ету.
4. Көпмәдениетті орта үшін креативті схемалар құру бойынша базистік білімді іске асыра отырып, әлемдік арт-нарықта кәсіби міндеттерді шешу үшін ғылыми-теориялық және практикалық білімді қолдану.
5. Мақсаттар қоюды және оларға қол жеткізу әдістерін, құралдарын таңдауды ғылыми негіздеу; Ұлттық шолудың ерекшеліктерін ескере отырып, креативті индустрия бойынша нарық үрдісін және әртүрлі кластерлерде стратегияны ілгерілетуді негіздеу және осы ережелерді инновациялық жобаларды дайындауда қолдану.
6. Креативті тәсілдер мен инновациялық технологияларды қолдана отырып, тұрақты даму мақсаттары аспектісінде креативті урбанизм бойынша жаңа алгоритмдер мен процестік жүйені құру.
7. Индустриялық магистральдарды, креативті технологияларды, эмпирикалық әдістер мен инновациялық мүмкіндіктер технологияларын қоса алғанда, инновациялық платформаларды пайдалана отырып, арт-жобаларды іске асыруда ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларды жетілдіру.
8. Арт индустриясында көркемдік-шығармашылық процесті модельдеу әдістерін қолдану; Креативті жобалар жасау технологиясын салыстыру және орнықты даму алгоритмін модельдеу мен ілгерілету бойынша креативті экономика міндеттерін шешу.
9. Педагогикалық қызмет үшін ғылыми-әдістемелік білім мен тәжірибені қолдану; Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды қоса алғанда, креативті индустрия саласындағы толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде пайымдаулар тұжырымдау.
10. Креативті индустрияның өнімдері мен көрсетілетін қызметтеріне бағдарланған креативті кластер моделін құру.
11. Қызметті жоспарлау әдістемесін меңгеру, өзгерістерді талдау, ақпаратты синтездеу, жоспарлар мен ғылыми-шығармашылық жобаларды бағалау; Цифрлық технологияларға негізделген мода, музыка, театр және кино индустриясын дамытуға бағытталған креативті шеберхананы әзірлеу.
12. Педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға және креативті стартап құру процесінде креативті ойлаудың зерттеу дағдыларын қолдана білуге мүмкіндік беретін құзыреттерді дамыта отырып, өзінің кәсіби өсуін қадағалай білу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
1) Бакалавриатты аяқтағаны жайлы диплом+ қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) Сертификат КТ
4) Фото 3×4 – 6 дана
5) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ( болған жағдайда)
6) 0/75у нысаны бойынша медициналық анықтама
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби) — 5 ECTS
- Басқару психологиясы — 3 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау — 5 ECTS
- Креативті индустрияның даму тарихы — 5 ECTS
- Креативті индустрияның шығармашылық кластері — 5 ECTS
- Креативті урбназим және тұрақты даму мақсаттары — 5 ECTS
- Креативті ойлаудың философиялық принциптері — 5 ECTS
- Креативті ойлау шеберханасы — 5 ECTS
- Креативті практикум — 5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау — 1 ECTS
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық практика — 4 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы — 5 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы — 3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау — 2 ECTS
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
- Ғылыми креативті идеялар мен жобалар — 5 ECTS
- Креативті мәдени құндылықтар индустриясы — 5 ECTS
- Коммерциялық құндылықтардың креативті индустриясы — 5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу — 4 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау — 1 ECTS
- Білім экономикасы және креативті капитал — 5 ECTS
- Медиаиндустриядағы музыкалық кластер — 5 ECTS
- Креативті IT индустриялар — 5 ECTS
- Цифрлық креативті идеялар — 5 ECTS
- Креативті IT стартаптар — 5 ECTS
- Креатитві мода индустриясы және макроүрдістер — 5 ECTS
- Креативті кино, театр және медиа индустрия — 5 ECTS
- Жасанды интеллект және креативті идеялар — 5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми тағылымдама — 3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау — 10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар — 4 ECTS
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
- Қорытынды аттестаттау — 8 ECTS
- Зерттеу — 4 ECTS
Жұмысқа орналасу
1. Медиа зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу, мемлекеттік және жеке ұйымдар.
2. Қазақстанның журналистика, медиакоммуникация бөлімдері, факультеттері, департаменттері, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындары.
3. Қазақстанның ірі медиа холдингтері: "Хабар"," НҰР-Медиа", "Өңір Медиа" және т. б.
4. Қазақстанның ақпараттық агенттіктері: ҚазАқпарат, ҚазТАГ, Интерньюс-Қазақстан, Қазақстан Today, Tengry News және т. б.
5. Қазақстан Республикасы Журналистер одағы;
6. "Әділ жол" сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры;
7. "Бас редакторлар клубы" ҚБ;
8. Еліміздің 58 телерадиокомпаниясын біріктіретін Қазақстанның ұлттық телерадио хабарларын тарату қауымдастығы (ҰАТ);
9. Internews Network халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі. Тәуелсіз БАҚ-қа қолдау көрсету.
10. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы.
Білім беру бағдарламасы Жұмыспен қамтудың келесі салалары үшін өзекті болып табылады: коммерциялық және қоғамдық бағыттағы медиа-коммуникациялық, зерттеу құрылымдары, қоғам өмірінің барлық салалары, қоғамның экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және әлеуметтік өмір процестері, мемлекеттің қызметі мен даму проблемалары және т.б. мәселелер.
Байланыс
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD Алтын Бақашқызы Ақынбекова,
тел: 8 777 275 08 61
Эл-пошта: altyn.akynbekova@kaznu.edu.kz