Білім беру
бағдарламасы
"7М06113 – IT-менеджмент" білім беру бағдарламасының мақсаты компанияның цифрлық ресурстары мен ақпараттық инфрақұрылымын басқаруға, кәсіпорын қызметінің әртүрлі салаларына IT-стратегияларды енгізуді қамтамасыз етуге және тұрақты бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу үшін бизнес-процестерді цифрлық трансформациялауды іске асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.
1.Қажет болған жағдайда кәсіби және ғылыми қызметте байланыс құралы ретінде ағылшын тілін қолдана отырып, ғылыми зерттеулердің құжаттамасы үшін стандарттар мен нормативтік құжаттарға сәйкес ғылыми зерттеулердің процесі мен нәтижесін құжаттау.
2.Психологиялық-педагогикалық принциптерге негізделе отырып білім беру қызметін жүзеге асыру және оқу-әдістемелік кешенді әзірлеу мақсатында курстың мақсатына сәйкес оқу сабақтарының мазмұнын, әдістері мен құралдарын анықтау.
3.Ақпараттық ресурстардың тиімділігін бағалау үшін ұйымның цифрлық инфрақұрылымына кешенді талдау жүргізу, оған жаңа әзірлемелер мен техникалық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін бағалау мақсатында АЖ, оның сандық компонентіне кешенді аудит жүргізу.
4.Ұйымның IT ресурстарын басқарудың кешенді стратегиясын және оның ұзақ мерзімді кезеңде компанияның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында компанияның даму стратегиясымен үйлесімділігін жобалау, оны басқарылатын объектінің салалық ерекшелігіне сәйкес түсіндіру және жалпылау.
5.Басқарылатын объект туралы мәліметтерді жан-жақты статистикалық талдау негізінде ұйымның цифрлық инфрақұрылымына инновацияларды енгізудің тиімділігін болжау.
6.Ұйымның бизнес-процестерінің тиімділігін арттыру үшін жаңа техникалық шешімдерді бағалау және қолдану
7.Шешімдер қабылдауға және бизнес-процестерді жетілдіруге қажетті білімді алу үшін деректерді интеллектуалдық талдауға арналған әдістер мен құралдарды қолдану.
8.Философиялық, тарихи, лингвистикалық, психологиялық ойларды ескере отырып, АКТ-ның қолданыстағы салаларынан, жаңа немесе пәнаралық салалардан білімді интеграциялау арқылы теориялық және тәжірибелік зерттеулерді жүргізу жолымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту.
9.Компанияда жүзеге асырылатын процестердің немесе жобалардың жағымсыз сценарийлерін анықтау, идентификациялау және басқару әдістері мен құралдарын ажырату және жіктеу. Зақымданудың мөлшері мен ықтималдығын, оларды залалсыздандыру әдістерін болжап, оларды азайтуға немесе алдын алуға арналған шығындармен салыстыру.
10.IT жобалардың орындалуын жоспарлау, басқару және бақылау, жоба тобының жұмысын үйлестіру, клиенттермен және серіктестермен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, жобалардың ресурстары мен тәуекелдерін басқару.
11.Басқару, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұйым деректерін қорғау процестерін бақылауды жүзеге асыру.
12.Ақпараттық жүйелер мен желілердегі ұйымдастырушылық басқару міндеттері мен бизнес-процестерді автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді, мобильді қосымшалар мен бағдарламалық кешендерді жобалау және әзірлеу кезінде заманауи әдістерді, құралдар мен технологияларды қолдану.
Магистратураның білім беру
бағдарламалары
1) Бакалавриатты аяқтағаны жайлы диплом+ қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) Сертификат КТ
4) Фото 3×4 – 6 дана
5) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ( болған жағдайда)
6) 0/75у нысаны бойынша медициналық анықтама
Оқу жоспары
Оқу жоспары қосылмаған
Жұмысқа орналасу
1.Үлкен деректерді өңдеу және сақтау жүйелерін әзірлеу
2.Нейрондық желілер бойынша маман
3.Data Mining (деректерді талдау) саласының маманы
4.Машиналық оқыту бойынша маман
5.Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу
6.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы маман
7.Ақпараттық жүйелер мен IT инфрақұрылымын басқару
8.IT-жобалар менеджері
9.Цифрлық трансформация бойынша менеджер
10.Data Analyst (деректер талдаушысы)
Байланыс
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
ҚР Алматы,050040,әл-Фараби даңғылы 71/23, Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті
1.Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. Шормакова Асем Ноябревна 8708610320
2.Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Ілесова Бақытгүл Ералықызы, 87479833787
3.Кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Дүйсенбекқызы Жансая, 870713165