8D02208 Түркітану
Мақсат : Жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру салалары үшін кәсіби кадрларды сапалы дайындау, түркітанудың қазіргі заманғы мәселелерінің негізгі теорияларын, әдіснамаларын және зерттеу принциптерін меңгерту. Оқу бағдарламасының нәтижесінде кәсіби білікті түркітанушы, зерттеуші, жоғары оқу орнының оқытушысы мамандары даярланады.
Сипаттама
8D02208 «Түркітану» білім беру бағдарламасы Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) келесілеріне қол жеткізуге үлес қосады:
ТДМ 4: Сапалы білім (Quality Education). ББ гуманитарлық білім беру мен гуманитарлық ғылымдардың мазмұнын, әдіснамасы мен теориялық негіздерін жетілдіруге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау арқылы ТДМ 4 мақсатын іске асыруға барынша үлес қосады. «Академиялық жазу», «Ғылыми зерттеудің әдістері», «Түркітану зерттеулерінің тарихы, теориясы және әдістемесі» және «Тіл философиясы және түркітану методологиясы» сияқты пәндер, сондай-ақ педагогикалық әрі зерттеу практикалары докторанттардың терең аналитикалық және әдіснамалық дағдыларын қалыптастырады. Бұл түлектерге жоғары оқу орындарында сапалы білім беруге және іргелі зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.
ТДМ 11: Тұрақты қалалар мен елді мекендер / Мәдени және табиғи мұраны қорғау (Sustainable Cities and Communities – Cultural Heritage). ББ-ның ТДМ 11 мақсатына қосатын негізгі үлесі түркі халықтарының рухани, тілдік және тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттаумен тығыз байланысты. «Түркі жазба ескерткіштерінің теориясы және методологиясы», «Түркітанудың деректануы мен тарихнамасының ілгері мәселелері», «Мәдени мұралардың деректанымдық негіздері» және «Көне түркілік ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі» сияқты арнайы пәндер докторанттарды сирек қолжазбалармен, көне ескерткіштермен және тарихи деректермен жұмыс істеуге баулиды. Бұл ұлттық және халықаралық деңгейдегі мәдени мұраны цифрландыруға, жүйелеуге және келешек ұрпаққа сақтауға тікелей ықпал етеді.
ТДМ 16: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар (Peace, Justice and Strong Institutions). ББ-ның ТДМ 16 мақсатымен байланысы академиялық адалдықты, жауапты ғылыми коммуникацияны және тұлғааралық әрі мәдениетаралық диалогты дамыту арқылы көрініс табады. «Академиялық жазу» пәні және докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы (ДҒЗЖ) шеңберінде плагиатқа жол бермеу, зерттеу әдебін сақтау және дәлелді ғылыми позицияны ұстану мәдениеті қалыптасады. Сонымен қатар, түркі халықтарының ортақ тілдік және тарихи тамырларын бейтарап, академиялық қағидаттарына сай зерттеу аймақтық туыстық байланыстар мен бейбіт мәдениетаралық сұхбатты нығайтуға негіз болады.
ТДМ 17: Тұрақты даму үшін серіктестік (Partnerships for the Goals). ББ халықаралық ғылыми интеграция, ғылыми тағылымдамалар, шетелдік ғалымдармен бірлескен жетекшілік және халықаралық коллаборация арқылы ТДМ 17 мақсатын жүзеге асырады. Докторанттардың міндетті ғылыми тағылымдамадан өтуі, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуы және зерттеу нәтижелерін халықаралық рецензияланатын басылымдарда (Scopus / Web of Science) жариялауы шетелдік түркітану орталықтарымен, университеттік хабтармен және ғылыми институттармен серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламасы
Жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру салалары үшін кәсіби кадрларды сапалы дайындау, түркітанудың қазіргі заманғы мәселелерінің негізгі теорияларын, әдіснамаларын және зерттеу принциптерін меңгерту. Оқу бағдарламасының нәтижесінде кәсіби білікті түркітанушы, зерттеуші, жоғары оқу орнының оқытушысы мамандары даярланады.
1. Түркітану ғылымында кәсіби міндеттерді кеңейту мақсатында педагогикалық және ғылыми бағыттар жүйесіндегі білімді талдау.
2. Текстологиялық мамандандырылған пәндер бойынша қолжазбалармен жұмыс істеуге бағытталған практикалық сабақтар өткізу.
3. Оқу бағдарламаларын, авторлық курстарды, оқулықтарды, ғылыми жобаларды, қолжазбалармен жұмыс істеуге арналған әдістемелік ұсыныстарды және өзіндік жұмысты құрастыру.
4. Білім алушылардың тексттермен жұмыс жасау, ғылыми-зерттеу, жобалау және оқу-кәсіптік қызметін ұйымдастыру.
5. Тіл философиясын және тіл, қоғам түсінігін салыстырмалы талдауға арналған жобалар мен мобильді қосымшалар әзірлеу.
6. Оқу және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін әртүрлі жанрдағы ғылыми жарияланымдарда таныстыру.
7. Түркітану саласындағы интернет – ресурстармен, ғылыми басылымдармен жұмыс істеуге бағыттау.
8. Ғылымды бақылау ұйымдары мақұлдаған журналдарда жарияланған ғылыми мақалаларды талдау.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
1) Бакалавриат, Магистратура дипломы + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа ж/е көшірме -2 дана)
3) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
4) ҰТО ресми сертификаты (ҚАЗТЕСТ)
5) 0/75у медициналық анықтамасы
6) Фото 3×4 – 6 дана
7) ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат
8) Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары ж/е эссе
9) Алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау» білім саласы бойынша)
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Түркітану зерттеулерінің тарихы, теориясы және әдістемесі — 5 ECTS
- Тіл философиясы және түркітану методологиясы — 5 ECTS
- Түркі жазба ескерткіштерінің теориясы және методологиясы — 5 ECTS
- Түркітанудың деректануы мен тарихнамасының ілгері мәселелері — 5 ECTS
- Мәдени мұралардың деректанымдық негіздері — 5 ECTS
- Көне түркілік ортақ фразеологизмдердің лексикографиялық жүйесі — 5 ECTS
- Академиялық жазу — 3 ECTS
- Ғылыми зерттеу әдістері — 3 ECTS
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық практика — 10 ECTS
- Ғылыми семинар — 2 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 11 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Ғылыми семинар — 8 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 14 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Зерттеу практикасы — 5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми семинар — 4 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 15 ECTS
- Зерттеу практикасы — 5 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Ғылыми семинар — 3 ECTS
- Бітіру семинары — 6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу — 3 ECTS
- Ғылыми тағылымдама — 10 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Ғылыми семинар — 1 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау — 2 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау — 10 ECTS
- Қорытынды аттестаттау — 12 ECTS
Жұмысқа орналасу
Білім беру бағдарламасының мақсаты – жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру салалары үшін кәсіби кадрларды сапалы дайындау:
- түркітанудың қазіргі заманғы мәселелерінің негізгі теорияларын, әдіснамасын және зерттеу принциптерін түсіндіру;
- диссертациялық зерттеуді жүзеге асыру барысында осы білімдерді ары қарай қолдану мақсатында түркітанудың қазіргі заманғы ғылыми бағыттары туралы ғылыми теориялар мен тұжырымдамаларды жүйелеу және түсіндіру;
- оқу объектісіне сәйкес материал негізінде жеке дара ғылыми зерттеулер жүргізу, түркітану ғылымының перспективалық жаңа бағыттарын дамыту бойынша жобалау әдіснамасын таңдау және зерттеу нәтижелерін жоғары сілтеме рейтингі бар журналдарда жариялау;
- жеке дара және басқа да ғылыми жұмыстарының өнімінің маңыздылығын бағалау, өздерінің ғылыми пікірін өздерінің жұмыс тілін қолдана отырып, ғылыми пікірталастарда дәлелдеу және қорғау.
Жұмыс берушілер:
ғылыми – зерттеу институттары мен зерттеу ұйымдары
"Алаш тарихы зерттеу орталығы",
"Қазақстан әлеуметтанушылары мен саясаттанушыларының қауымдастығы",
"ҚР БҒМ ҒК Ғылым Ордасы",
" М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты",
"ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты",
"Халықаралық заманауи саясат институты",
А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
Байланыс
Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 319
Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1270)