Гастроэнтерология (ересектер, балалар) — ҚазҰУ

7R01127 Гастроэнтерология (ересектер, балалар)

Мақсат : Ас қорыту органдарының ауруларын диагностикалау және емдеу саласында терең білімі мен практикалық дағдылары бар білікті, бәсекеге қабілетті гастроэнтеролог дәрігерді даярлау. Бағдарлама халықтың денсаулық деңгейін арттыра отырып және денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде гастроэнтерологиялық практиканың дамуына ықпал ете отырып, жоғары сапалы емдеуді қамтамасыз ету және гастроэнтерологиялық бейіндегі аурулардың алдын алу, гастроэнтерологияда инновациялық әдістер мен тәсілдерді қолдану, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жаңа білімдерді генерациялау үшін резиденттің заманауи медициналық технологиялар мен дәлелді медицина қағидаттарын тиімді пайдалану қабілетін қалыптастыруға бағытталған.