Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тургунбаев Избасар Ерланулының «Түркияның мәдени модернизацияның даму бағыттары (1923-2020 жж.)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
- Шашаева Гульбакыт Кадыржановна – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, Педагогика кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы, PhD. Мамандығы «6D020400 – Мәдениеттану». (Алматы қ., Қазақстан)
- Мырзабеков Молдахмет Сейдахметович – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының тарих кафедрасының доценті. Мамандығы «Тарих» (Алматы қ., Қазақстан)
Ғылыми жетекшілер:
- Эгамбердиев Мырзахан Шарипбаевич – тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің түріктану және шығыс елдері тарихы кафедрасының доценті, (Алматы қ., Қазақстан);
- Эврим Ольчер Озюнел – Қажы Байрам Вели университетінің әдебиет факультеті, түрік фольклоры кафедрасының профессоры. (Анкара қ.,Түркия);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Ресул Ай – Хаджеттепе университетінің әдебиет факультетінің тарих кафедрасының профессоры. Мамандығы «Тарих». (Анкара қ.,Түркия);
- Әлімбай Нұрсан Әлімбайұлы - ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. Мамандығы «Тарих» (Алматы қ., Қазақстан).
- Базарбаев Қанат Қалдыбекұлы – PhD, доцент, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің директорлар кеңесінің мүшесі. Мамандығы «6D011400 - Тарих» (Түркістан, Қазақстан)
Қорғау 2025 жылдың 19 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900, 8D02209 – Шығыстану (тарихи және филологиялық бағыты)», «6D020700, 8D02301 – Аударма ісі (шығыс тілдері және әдебиеті)», «6D021000, 8D02305 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері және әдебиеті)» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050012, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95, Шығыстану факультеті.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/99764316864?pwd=IpbGFsPUw7QObeRR8NUG74Zy5aXNrs.1
Конференция идентификаторы: 997 6431 6864