Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D02209 – Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Назарова Кулайша Бимаханбетовнаның «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы: қытайлық тәсіл және Қытайдың ұйымдағы рөлі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
- Биримкулова Гульнара Усербаевна – PhD, доцент м.а., Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті шығыстану кафедрасының меңгерушісі. Мамандығы: «6D050500 – Аймақтану» (Астана қ., Қазақстан);
- Симтиков Жомарт Кудайбергенович – тарих ғылымдарының кандидаты, саясат ғылымдарының докторы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі. Мамандығы: 23.00.02 – саяси институттар, үдерістер мен технологиялар (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Дәуен Динара Бақыткерейқызы – философия докторы (PhD), доцент. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының доцент-зерттеушісі (Алматы қ., Қазақстан);
2. Бурнасов Александр Сергеевич – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Орал федералдық университетінің шетелдік аймақтану кафедрасының меңгерушісі (Екатеринбург, Ресей).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Kondapalli Srikanth – PhD, , Jawaharlal Nehru University профессоры (Нью-Дели қ., Индия);
- Муратбекова Альбина Мирзахановна – философия докторы (PhD), доцент м.а., Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
- Абсаттаров Галымжан Раушанбекович – саясат ғылымдарының кандидаты, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті (Алматы қ., Қазақстан).
Қорғау 2025 жылдың 19 желтоқсанда сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900, 8D02209 – Шығыстану (тарихи және филологиялық бағыты)», «6D020700, 8D02301 – Аударма ісі (шығыс тілдері және әдебиеті)», «6D021000, 8D02305 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері және әдебиеті)» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050012, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95, Шығыстану факультеті.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/96626868785?pwd=rOFavJiCsNFpstV3ZnS1o7G3vn9Xb8.1
Конференция идентификаторы: 966 2686 8785