Farabi University

Конырова Айжан Мауленовна

18 желтоқсан 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D020300 – «Тарих»  мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Конырова Айжан Мауленовнаның «ХІХ ғасырдың екінші жартысы- ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы ресейлік және кеңестік биліктің қазақ қоғамын орыстандыру саясаты: тарихи-салыстырмалы талдау»  тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Избасарова Гулбану Болатовна – тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Тарих-дінтану кафедрасының меңгерушісі (Ақтөбе қаласы, Қазақстан). Мамандығы: «07.00.02 – Отан тарихы».

2.Джурсунбаев Бахытжан Абсаматович – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.  М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті (Тараз қаласы, Қазақстан). Мамандығы: «07.00.02 – Отан тарихы».

Ғылыми жетекшілер:

  1. Қозыбақова Фатима Ақынбаевна – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан тарихы кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан)
  2. Ахмет Ташағыл – Едитепе университетінің профессоры (Түркия, Стамбул).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

  1. Сейфи Йылдырым – Хаджеттепе университеті, Ататюрк институтының профессоры (Анкара, Түркия)
  2. Аяған Бүркітбай Гелманұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор. Мемлекет тарихы институты (Астана қаласы, Қазақстан)
  3. Тлеубаев Шамек Баянович – тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары. (Алматы қаласы, Қазақстан).

Қорғау 2025 жылдың 18 желтоқсанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “8D02206, 6D020300 – Тарих, 8D02207-Музей ісі және ескерткіштерді қорғау, 8D02205, 6D020800 - Археология және этнология, 8D03206 - Кітапханалық ақпарттық жүйелер, 8D03205-Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету” мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн аралас формат түрінде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/96068070813?pwd=PQGj2L3lYPlvprHfQ3tKwyLec9mxQR.1  

Идентификатор конференции: 960 6807 0813

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы