Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Султангазина Маржан Нурланқызының «8D07112 – «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша «Көміртекті матрицада иммобилизацияланған ферромагниттік нанобөлшектердің сұйық фазадағы плазмалық-химиялық синтезінің ерекшеліктері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында орындалды.
Қорғау түрі – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми сарапшылар:
1. Приходько Николай Георгиевич – химия ғылымдарының докторы, профессор, Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры,Алматы, Қазақстан.
2. Белгібаева Аяулым Дидарбекқызы – PhD, жетекші ғылыми қызметкер, «National Laboratory Astana» ЖҚ, Астана, Қазақстан.
Ғылыми кеңесшілер:
1. Габдуллин Маратбек Тулебергенович – философия докторы (PhD), физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ ректоры, Алматы, Қазақстан
2. Оразбаев Саги Амзеевич – философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры, Алматы, Қазақстан
3. Щур Дмитрий Викторович – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Украина ҰҒА Материалтану мәселелері институты, Киев, Украина.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Тілек Қуанышбекұлы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің химия кафедрасының зерттеуші профессоры, Өскемен, Қазақстан.
2. Бондарь Екатерина Александровна – PhD, Физико-техникалық институтының аға ғылыми қызметкері, Алматы, Казахстан.
3. Хайрулин Сергей Рифович – химия ғылымдарының кандидаты, РҒА Сібір бөлімшесінің Г.К. Боресков атындағы Катализ институтының жетекші ғылыми қызметкері, Новосибирск, Ресей.
Қорғау 2025 жылдың 31 желтоқсанында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D074000/8D07113 – Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар», «6D073400/8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы», «6D074000/8D07112 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар», мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультетінің 3-қабаты, 330-отырыс залында өтеді.
Zoom конференциясына қосылу
https://zoom.us/j/95281995520?pwd=l9IXK9GfYkfqdor8AJDUC5aapuav6m.1
Конференция идентификаторы: 952 8199 5520